Түркістан облысы, Түркістан қаласы,
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
№27 ІТ-мектеп-лицейі» мемлекеттік
коммуналдық мекемесінің директордың
бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары
Кадырбаева Гүлнар Пернебековна
Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті — бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші — ұстаздардың қолында. Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы №27-ІТ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ақпан айында «Тәуелсіз елдің болашағы-жас мамандар» атты апталық іс-шара өтілді. Апталықтың ашылуы Мұқағали Мақатаев 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың» әдеби кешпен басталды. Жас мамандар Мұқағалидің поэзиясын нақышына келтіріп жатқа оқып «Жыр жүйрігі Мұқағали», әндерін шырқап «Жырлайды жүрек» номинациясымен марапатталды.
Пән бойынша жиырма жас маман ашық сабақ өтті. Ашық сабақтар zoom платформасында және оффлайн өтілді.
Нұсқаушы Камал Қуаныштың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты жас мамандар арасында спорттық жарыс өткізді.
Апталық соңы жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Үздік жас маман-20-21 » жас мамандар байқауы өткізілді. Сегіз ас маман байқауда сынға түсті. Олар: инфарматика пән мұғалімі Ергешов Зафаржан, ағылшын пәні мұғалімі Құдайбекова Ақерке, математика пән мұғалімі Ирисметов Абдумавлан, қазақ тілі пәні мұғалімі Әйбеш Әсел, тарих пәні мұғалімі Әбибулла Жазира, химия пәні мұғалімі Сүннатова Балым, бастауыш сынып мұғалімі Ахылбекова Салтанат, дене шынықтыру мұғалімі Камал Қуаныш
Әділқазы мүшелері мектеп директоры-Н.Ж. Ахметов, оқу ісінің орынбасары-П.Бекеева, А.Бабашева, бейіндік ісі жөніндегі орынбасары-Г. Қадырбаева,тәрбие орынбасары-А.Телкожаев, психолог-Г.Сариева, дефектолг-Б.Байжұман төмендегі кезеңдер бойынша өз бағаларын беріп отырды.
Таныстыру кезеңінде байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырады.
Екінші «Өнерлінің өрісі кең» кезеңінің мақсаты қатысушының шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін ашу.
Үшінші «Білікті маман – Ел тірегі»
«Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе көшірме болмауы керек.
Төртінші кезең «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы. Бұл кезеңде жас мамандар «Менің педагогикалық қызметім» презентация қорғайды. Үздік ашық сабақ (word нұсқасы өту барысындағы суреттерімен қоса);
Бесінші тапсырма «Ситуациялық тапсырма» кезеңінде жас мамандар түрлі жағдаяттық сұрақтарға ұтымды жауап берді.
Инфарматика пән мұғалімі Ергешов Зафаржан «Шығармашыл ұстаз», бастауыш сынып мұғалімі Ахылбекова Салтанат «Өнерлі ұстаз» номинациясымен марапатталды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Құдайбекова Ақерке мен тарих пәні мұғалімі Әбибулла Жазира ІІІ орынды, химия пәні мұғалімі Сүннатова Балым, дене шынықтыру мұғалімі Камал Қуаныш ІІ орынды, математика пән мұғалімі Ирисметов Абдумавлан І орынды иеленді.бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әйбеш Әсел бас жүлдені жеңіп алды. Әсел барлық кезең бойынша өте жақсы дайындалған.
№27-ІТ-мектеп-лицейінің кітапханашылары ұйымдастырған «Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін…» онлайн форматта өткен байқауда І-орын иеленді. 2020-2021 оқу жылында жас мамандар арасында “Педагогикалық дебют” тақырыбы аясында өткізілген қалалық байқауында “Тамақтану мәдениеті“ атты бейнесабағымды ұсынып, кәсіби шеберлігімен дараланып, І дәрежелі дипломмен және “Педагогикалық дебют” облыстық жас мамандар байқауында кәсіби біліктілігі мен озық идеялары, жоғарғы шығармашылық ізденісі үшін І дәрежелі диплом жүлдегері атанды
Жас мамандарымызға осы жолдан тайынбай ары қарай ізденімпаздықпен жұмыс жасауларыңызды және алғашқы ұстаздық еңбек жолдарыңызға одан әрі сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, шәкірттерімізге тәрбие мен сапалы білім беруде талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспін!