Құтжанова Надира Болатовна
№102 ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ия, Жемқорлық – індет, аластау – міндет. Әрине қоғамдағы болып жатқан әрбір іске бәріміз жауаптымыз деп айтсақ болады. Бұған менің қатысым жоқ деп айту ол біздің қоғамға деген немқұрайлығымызды білдіреді. Әрбір қоғам мүшесі өз тарапынан қоғамда болып жатқан қандай жағдай болмасын өз үлесін қосып отырса, бұл нұр үстіне нұр болмай ма?
Сол себепті, болып жатқан келеңсіз құбылыстарға бей-жай қарамай бізде өз үлесімізді қосқымыз келеді. Әрине, біздің жасап жатқан жұмысымыз көлге тамған тамшыдай ғана шығар. Десекте, мектеп тарапынан тәрбие саласында көптеген бағытта жемқорлықтың алдын алу бойынша көптеген іс –шаралар жүргізіп жатыр. Жас жеткіншектің бойына адалдық, әділдік, шыншылдық, өз Отанын сүю деген қасиеттерді әр іс-шара аясында оқушылардың бойларына дарытуға күш саламыз. Жас ағашты қалай күтім жасап баптасаң, күтіміне орай түсімі демейтінбеді. Сол себептен, сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген іс –шаралар өткізіліп жатыр.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Осы ғасыр қайраткерлерінің әділдікті ту еткен өсиеттері мен талай дау –дамайдың шешімін айтып, әділдіктің туын тіккен үлгі –өнегелерін кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында оқушыларға «Адалдық сағаты» өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға отыз жыл уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол — алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.