Home » Мақалалар » БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ

БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ЖОЛДАРЫ

Садибекова Мадина Онгаровна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін артыру институты
Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының
аға оқытушысы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

Баланың мектепке даярлығы — әрдайым өзекті мәселе. Еліміздің Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Осы міндеттер мен талаптарды орындау үшін ең алдымен 21 ғасыр балалары қандай? деген сұрақ төңірегінде ізденген жөн. 21 ғасыр — ғылым мен техниканың, цифрлық білім берудің ғасыры. Ендеше, балалардың шығармашылығы мен қызығушылығын дамытатын заманауи инновациялық педагогикалық технологияларын үздіксіз мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу мен оқыту процесіне енгізуден көрініс таппақ. Себебі,  алғашқы білім беру баспалдағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталатыны сөзсіз. Яғни, баланы мектепке дайындаудың оңтайлы жолдары мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алмақ.

Бұл орайда, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның рөлі зор. Дамытушы ортаның баланың бойында алғашқы инженерлік, математикалық білімдерін, танымдық, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, жан-жақты дамытуға негізделіп, ұйымдастырылу қажет. STEAM технологиясы, робот техникасы, М.Монтессори, Реджио педагогикасы, Тәй-Тәй бағдарламасы, Н.Зайцев, ӨТШТ, Воскобович т.б. педагогикалық технологиялары негізінде құрылған заттық-кеңістіктік дамытушы ортасы баланы мектепке даярлау процесінде маңызды болары сөзсіз. Ал осы дамытушы ортаны тиімді ұйымдастыратын — кәсіби білікті педагог қызметкерлері мен ата-ананың қолдауы, бағыт-бағдар беруі, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеуі- бала үшін аса маңызды.

Мектеп бала үшін жаңа орта. Яғни, талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері қалыптасқан, білімге қызығушылы болуы қажет. Баланы мектепке даярлауда жоғары атап өткеніміздей, отбасының маңызы айрықша болмақ. Баланы мектепке дайындауда көптеген ата-аналар балаға әріптер мен сандарды үйретумен шектеледі. Ата-ана баланың мектепке даярлығын тек ауызша нұсқау беріп қоймай, баланың әрекетін, қызығушылығын оятып, ынталандыруы, еңбекке баулу жұмыстарын да жүргізіп отырса нұр үстіне нұр болмақ. Осы орайда, баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық тұрғыдан дайындығын да қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа төтеп беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, баланы мектепке оқуға психологиялық даярлау – оқуға деген жауапкершілігін, мінез-құлқын еркін басқаруға, ересектермен және құрдастарымен мәдени қарым-қатынасты тәрбиелеуден көрінеді. Бұл кезеңде мектептегі алғашқы күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерін басқара алу қабілетін, ақыл-ой еңбегін, жалпы кең ауқымды дағдыларын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Қорыта келе айтарымыз, баланы мектепке даярлау процесінде педагог пен ата-ананың жауапкершілікпен баланы қолдау жұмыстарының нәтижесі — дені сау, бәсекеге қабілетті, сыни тұрғыдан ойлайтын, жан-жақты тұлға болып қалыстасуы жолында септігін тигізетіні сөзсіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.