Home » Мақалалар » Менің болашақ мамандығым

Менің болашақ мамандығым

Жуматаева Аружан
ҚазГЗУ Гуманитарлық-заң
колледжінің 2 курс студенті

Менің болашақ мамандығым ол тәрбиеші.  Мен бұл мамандықты таңдаған себебім, балаларды, білім бергенді жақсы көремін. Мен бұл мамандықты оқуға түскенде ғана ұнатып қалдым. Бала кезінде педагог  мамандығын ұнатпайтынмын, әнші болуды армандағанмын.  Басында ойлағанмын педагог  болу қиын деп, алайда мамандығыңды сеніммен және махаббатпен істесең бәрі оңай.

Осы мамандықтың өзіме пайда бар. Яғни, өзіме қосымша білім аламын, балалармен жақсы тіл табысып, олардың психологиясын зерттеймін. Айтады ғой тәрбиеші — екінші анаң деп, мен бұл пікірмен келісемін. Себебі, мектепке дейінгі ұйымға  келгенде ата-аналар балаларын тәрбиешіге тапсырады, ал тәрбиеші оларды оқытады, қарайды, тәрбиелейді, яғни оларға анасы ретінде қарап жүреді. Тәрбиешінің  міндеті: шыдамды болу, балаларды бөліп жармау, қажетті білім беру,өзін салмақты ұстау (арасында балалармен әзілдесуге болады), балаларына қарап жүру т.б. Кейбір жасөспірімдер бұл мамандықты таңдағысы келмейді,

Өйткені, бұл мамандықты пайдасыз әрі, шаршатып жібереді деп ойлайды. Егер олар бір күн балаларға тәлім-тәрбие беріп көрсе, қандай керемет мамандық екенін түсінеді. Мен бұл мамандыққа түсіп, осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.