Берик Нурсая
КазГЮУ гуманитарлық-заң
Колледжінің 2-курс студенті
Мамандық- адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Әр адам баласына мамандық таңдау қиынға соғады. Себебі, көп жағдайларда жасөспірімдер, түлектер өздері қалаған мамандыққа түспейді, ата-анасының айтқанымен басқа мамандықты тандайды. Осындай жағдай қазақстан адамдарында 100%дың/70%-ында болады. Бұл жағдай менінде басымнан өтті.
Маған менің мамандығыма тоқталатын болсақ, менің мамандығым – педагог- балабақшадағы тәрбиеші. Бұл мамандыққа мен ата-анамның айтқанымен түстім. Үлкен кісілер ғой педагог болсаң өлмейсің, дәрігер болсаң бізді емдейсін
деп түсіндірген еді. Амал қанша ата-анадан асып кете алмайсың бірдене біліп айтады ғой деп. Мен бірақ өкініп тұрған жоқпын өкінбеймінде
осы мамандықпен көтерілем деп алдыма мақсат қойдым.
Бала тәрбиешісі-үлкен жауапкершілігі бар жұмыс. Оған қойылатын міндеттерде өте көп. Себебі, тәрбиеші жұмысы жай бала қарамайды, кішкентай бүлдіршіндерден бастап есін білген балаға дейін қарайды. Тәрбиеші болу үшін мейірімді, сабырлы, ұқыпты болу керек. Ал ең бастысы балаға деген қызығушылық болып әр баланы өзіңнің балаңдай көру. Мен балаларды қатты жақсы көремін.
Бұл мамандыққа өз қалауымен түспесемде, маған ұнайды. Мүмкін осы үш жылымда, оқуымда осы мамандықты ұнатып кетермін. Балаға қарап өзімнің жұмысымды ұнатармын. Бірінші қандайда бір жұмыс істемей тұрып, ол жұмыс саған ұнай ма жоқ па білу керек. Өз жұмысыңды сүйіп істесең барлығы оңай болады. Қорытындылай келе өзің қалаған мамандыққа түсу керек. Ал басқа мамандыққа түсіп қойдың ба сол мамандықты сүю керек, қабылдай білу керек. Менде осылай өз мамандығымды сүйіп осы мамандықпен алға қарай қадам басамын.