Халменова Динара Кенжебекқызы
КазГЮУ гуманитарлық-заң
колледжінің 2 курс студенті
Менің болашақ мамандығым мектепке дейінгі тәрбиеші болу. Менен көп адамдар бұл мамандықты неліктен таңдадың деп сұрайды. Бұл сұраққа мен бір сөзбен жауап бере алмаймын. Бұған себеп, бұл мамандықты таңдаған себептерім өте көп. Басты себеп, біздің болашақ мамандарымыздың нақты, әрі дұрыс бағыты болсын деймін және өмірде өз орындарын табуларына атсалысқым келеді. Бұлай айтқан себебім, балабақшадағы балалар жас шыбық секілді осы уақытта қандай бағыт, тәрбие берсең ,солай әрі қарай өмірі құралады. Әғни, балалардың іргетасын қалауға тікелей қатысымыз бар. Демек, тәрбиешілердің мойында баланың болашағына қатысты үлкен жауапкершілік тұр. Себебі, баланың іргетасы нашар болса, одан арғы өмірі дұрыс құралмайды. Баланың іргетасын құрау үлкен әрі жауапты жұмыс.
Мектепке дейінгі тәрбиеші — қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым оқыту түрлерін зерттейтін саласы. Мектепке дейінгі тәрбиеші саласындағы зерттеулер пәнаралық сипатта болады және жалпы педагогикасы, балалар педагогикасы және жас психологиясы салаларының шегінде болады: бұл ғылыми пәндердің деректері мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен тәсілдерінің теориялық негізі болады.Негізінен тәрбиеші болу оңай емес туылған күннен бастап белгілі бір әлеуметтік ортада бала өседі, дамиды. Әртүрлі жасқа байланысты даму кезеңдерінде алуан түрлі ерекшеліктерге ие болады. Сәйкесінше әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей баланы дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес. Осыған байланысты тәрбиешіге қойылатын талаптар көп. Мысалға, тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра біле отырып, баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білу керек және ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын жеткізіп, түсіндіре алуы қажет. Сонымен қатар тәрбиешінің әрбір қимылы, жүріс-тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерлік болуы тиіс.
Қортындылай келе қаншалықты мектепке дейінгі тәрбиеші болу мамандығы қиын әрі жауапты болсада, маған бұл мамандық ұнайды. Осы себептен өз мамандығымның жақсы, өнегелі маманы болуға барымды саламын.