Home » Мақалалар » Тәуелсіздік баға жетпес байлығым

Тәуелсіздік баға жетпес байлығым

 Нуркасимова Ботакөз Хамзиновна
Қарағанды облысы
Нұра ауданы Нұра кенті
«Балбөбек» бөбекжайы» ҚМҚК
тәрбиешісі 

Бұл атаулы күнді ресми мереке ретінде атап өту туралы 1991 жылдың

16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә. Назарбаев қол қойды.

Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң күшіне енді.

Тәуелсіздік күні – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аталып өтеді.

Тәуелсіздік – бұл азат пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған  шыдамының өтеуі. Қазақстан Тәуелсіз егеменді ел ретінде танылғанына міне 30 жыл толып отыр. Осы жылдар арасында еліміз көркеюде. Бүгінде Қазақстан – үлкен отбасы, іргесі берік мемлекет.

Тәуелсіз еліміздің ең басты тұғыры ол қоғамның ұлттық рухы, қоғамдық санасы тілімізді құрмет тұту. Жетістіктерді қортындылай отырып елдің саяси өмірінің ілгері басқанын көруге болады.

Бүгінгі Қазақстан көптеген мемлекеттермен қарым-қатынастар орнатуда, әлемдік ықпалды ұйымдармен ынтымақтасуда. Тәуелсіздік күнін атап өту, жас ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқарады.  Себебі, бүлдіршіндерімізді Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Әр баланы өнегелікке баулу, белсенді азаматтық позиция ұстануға және патриоттық рухты көтеруге арналған бағыт. Ендігі ұрпақтың мақсаты білімді болып, кең байтақ жерімізді қорғау, ынтымағымыз жарасқан бірліктегі ел бола білу.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.