Ахметова Райля Иболовна
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Мұқыр ауылы
«Алтын кілт» бөбекжай-
балалар бақшасы» КМҚК
тәрбиешісі, педагог-сарапшы
Жоба түрі: танымдық.
Жоба ұзақтығы: ұзақ мерзімді (3ай)
Жобаға қатысушылар: Ересек топ тәрбиеленушілері, ата-аналар, тәрбиешілер.
Жобаның негізгі бағыты: балаларды өз халқының дәстүрлерімен таныстыру.
Мақсаты: балаларды ұлттық мәдениеттің құндылықтарымен және дәстүрлерімен таныстыру.
Жоба өзектілігі: балаларды өз халқының мәдени дәстүрлерімен таныстыру арқылы өзіне және өзгелерге деген оң көзқарасын қалыптастыру.
Міндеті: 1. Балалардың танымдық қызығушылықтарын, байқампаз-дығын дамыту.
- Ұлттық дәстүрлерімен, мерекелерімен таныстыру.
- Балалардың сөздік қорын мақал-мәтел, тыйым сөз, жаңылтпаштар, жұмбақтар арқылы және байланыстыра сөйлеуін дамыту.
- Балаларды жеке адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу (үлкендерге құрмет, кішіге қамқорлық, жауапкершілік, әділдік, табиғатқа деген қамқорлық)
Күтілетін нәтиже:
1.Балалардың күнделікті өмірінде ұлттық дәстүрлерді қолдануы.
2.Балалардың белсенді сөйлеген кезінде санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, тыйым сөздерді қолдана білуі.
3.Ата-аналардың отбасылық тәрбиеде ұлттық дәстүрлерді қолдана білуі.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар:
- Әдістемелік және көркем әдебиеттерді таңдау.
- Ұлттық дәстүрге байланысты топтағы дамытушы ортаны толықтыру.
- Ересек топтағы балаларды тәрбиелеуде ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті әртүрлі формада шығармашылықпен қолдану.
- Педагогтар мен ата-аналардың ұлттық дәстүрлері негізінде адамгершілік тәрбие беруде өзара қарым-қатынас орнату.
Жобамен жұмыс жасау кезеңдері:
Дайындық кезеңдері:
- Ұлттық дәстүрлер туралы материалдар жинақтау.
- Ұлттық ойындарды ойнау.
- Ұлттық ойындарға көрнекі құралдар,атрибуттар ,дидактикалық ойын дайындау.
4.Қазақ ертегілерін оқу.
- «Мейірімді сөздер», «Амандасу», «Қонақжайлық» тақырыптарында әңгіме жүргізу.
6.Ауыз әдебиетімен танысу.
7.Ұлттық аспаптармен танысу.
8.Ұлттық киімдермен танысу.
9.Жеті атасын жаттау.
10.Тыйым сөз, мақал-мәтел, жаңылтпаш айту, жұмбақтар шешу.
Негізгі кезең:
1.Ұлттық дәстүрлер негізінде, бағдарламаға сай балаларды тәрбиелеу үшін іс-шаралар өткізу.
- «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісы бойынша қойылым.
- «Ханталапай» ұлттық ойыннан сайыс өткізу.
- Барлық қызмет барысында фольклорды қолдану.
- Наурыз мерекесін өткізу.
- Ата-аналармен «Ұлттық дәстүрлер» жылжымалы папка, «Ұлттық дәстүр негізінде бала тәрбиесі» кеңес, ұлттық көрме ұйымдастыру. Отбасылар арасында ұлттық дәстүрлерді сақтау жөнінде тәжірибе алмасу.
Қорытынды:
1.Ұлттық бұрыш жасақтау.
- «Ұлттық дәстүрлер» презентация әзірлеу.
«Киіз үй жабдықтары» тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу қызметінен көріністер.