Home » Ашық сабақтар » Менің  тұңғыш Президентім

Менің  тұңғыш Президентім

Шонаева Жанар Раисовна
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
Мұнайлы   психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинетінің тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға Н.Ә.  Назарбаевтың Тұңғыш Президент екені  туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың  сөздік  қорын  байыту,  есте  сақтау қабілеттерін  дамыту.

Отанын,  елін, жерін  сүюге тәрбиелеу,  патриоттық  сезімдерін  ояту. Мемлекеттік  рәміздерді таныстырып, оларды  қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: слайд, Елбасы суреті, ту, елтаңба суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап.

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Кәне бәріміз  қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Кәне   енді    оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып гимнді  тыңдаймыз.

Тәрбиеші: Балалар, қыс мезгілінің бірінші күні,  1  желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып  есептеледі. Қандай мереке екенін білесіңдер ме?

Балалар:  Тұңғыш Президент күні !

-Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі  сабағымызда Еліміздің тұңғыш Президенті жайында  айтамыз. Тақтаға қараңдаршы, мына суретте  кім бейнеленген?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев!

Тәрбиеші: Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал, балалар ол кім екенін білесіңдер ме?

Балалар: Ол  біздің  Президентіміз!

-Дұрыс, балалар! Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.  Ал, қәзіргі  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев!

Тәрбиеші: 1991 жылы  1 желтоқсанда халық өз таңдауымен  Н.Ә.Назарбаевты  Президент етіп сайлады. Н.Ә. Назарбаев Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылындағы Үшқоңыр  жайлауында  дүниеге келген. Мектепте үздік оқыды. Бала кезінде ұшқыш болуды армандады.

Ол ата-анасын қатты құрметтеген.  Міне әкесі Әбіш және анасы Әлжан.

-Ал мына суретте оның  жұбайы- Сара Алпысқызы.

Балалар, сендердің  мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы Президент болу. Біздің Президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар: Астанада!

Тәрбиеші: Дұрыс! Астанада Ақордада. Астанада тағыда не бар?

Балалар: Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Балалар,  Елбасымыз жайлы  тақпақпақтарымызды айтайқшы:

Айзере:                                         Жасұлан:
Елбасымыз  жолдайды                 Отан деген-Атамекен

Халқы  оны  қолдайды,              Отан деген-туған жер

Ешқашанда  орынсыз                 Отан-ана,Отан-пана

Шешімдері  болмайды.               Қазақстан-туған ел!

Тәрбиеші: Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз. Олар: ту, гимн және елтаңба.

Тәрбиеші: Балалар, туға қарайықшы, не бейнеленген?

Балалар: Күн, бүркіт, ою.

Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар біздің туымыздың түсі қандай?

Балалар: Көк!

Тәрбиеші: Дұрыс! Көк түс аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100-ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен. Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген.

-Ал, туымыздың жанында не бар екен?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

-Енді, балалар, Елтаңбамызға қараңдаршы. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар: Шаңырақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің  елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, Отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар: Ат бар!

Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген  жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін, яғни, Қазақстан Республикасыныкі екенін білдіреді.

Д/о: «Не  жетіспейді?» (балалар  тақтадағы  тудың  элементтерін  тауып, атап  жапсырады).

-Жарайсыңдар  балалар! Барлығын  дұрыс  орындадыңдар!

-Өте  жақсы,  балалар! Ендеше  бойымызды бір  сергітіп  алайық!

Ойын: «Тақия  тастамақ» (балалар  ойынға  белсене қатысады).

Шығармашылық жұмыс: (Балалар  дайын  қиылған «Бәйтерек» монументінің  суретін  боялған  күріш пен тарының  көмегімен  ПВА желімімен  жапсырады)

Қорытындылау: Балалар, біз бүгін  сабақта кім туралы айттық?

Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші: Ол кім?

Балалар: Ол біздің елдің Тұңғыш Президенті.

Тәрбиеші: Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан!

Тәрбиеші: Дұрыс! Маған  біздің елдің  рәміздерін атап  беріңдерші?

Ту, Елтаңба, Әнұран.

-Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымызды «Елбасы-елбағы»  әнімен аяқтайық.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Тұңғыш  Президент мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын.

Игереді:Рәміздерді естерінде сақтап, патриоттық өлеңдерді жаттап олардың мағынасын түсіне білуді.

Меңгереді:Елтаңбада, Туда бейнеленген суреттердің қандай мағына білдіретінің

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.