Тәңірберген Зәуреш Тәңірбергенқызы
Қарағанды облысы білім басқармасының
Приозерск қаласы білім бөлімінің
«№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: презентация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, портреттер
Тәрбие сағатының барысы:
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтары? Биыл, еліміздің егемендік алғанына – 30 жыл толып отыр. Ата-бабамыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік алу жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді, десеңізші! Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Олай болса, 1 «Г» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Өркен: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Амина: Топырағыңмен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін,
Нығайтамын елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін
Ерболат: Шежіресін шертсе күй ғып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен таңдантқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел.
Ән: «Тәуелсіздік – ел бақытының белгісі»
Мұғалім: Көк байрағы көкке жебіреген егемен елдің тәуелсіздік хроникасына назар аударайық.
Рамазан: 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті сайланды. 16 желтоқсанда Қазастан Республикасының тәуелсіздігі жарияланды.
Диас: 2 наурызда ҚР-сы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. 4 маусымда ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері дүниеге келді.
Рамазан: Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз
Жалауды біз құлатпай.
Айзере: Бұлт баспасын күнімді
Тарылмасын өрісім
Биік ұстау Туымды-
Қасиетті борышым
Арман:Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып – ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмайды шаңырақ
Аяулым:Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде
Айзере:Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, — деп – Әнұран?!
Бекнұр: 1993 жылы «Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы» қабылданды. 1995 жылы екінші рет қабылданды.
Айару: 1998 жылы Астана қаласының ашылу рәсімі болды. 2019 жылы 20 наурызда Нұр-Сұлтан болып өзгерді.
Аяулым: Халқымның мақтанашы – алып тұлға,
Әлемнің назарына ауды Ақордаға.
Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды менің асқақ арманыма
Би: «Шаттық биі»
Мұғалім: Тәуелсіздіктің 30 – жылдығымен тұспа тұс келген мерейтойлық күнерді атап өтсем ( слайд арқылы):
- Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
- Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
- Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
- Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
- Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;
- Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
- Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
- Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.
Абусаид:Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,
Тәтті үміті халқымның сан ғасыры,
Көк байрақты , кемеңгер кемел ойлы
Келбетіңнен көремін жалғасымды.
Райяна: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма
Айсель: Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,
Жүректерге үміт боп жағылғансың
Аяулысың білмеген алақаннан
Суып барып қайтадан табылғансың.
Жансерік: Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей,келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Іңкәр: Т- білдіреді теңдікті
Нұрбол: Ә — әдептілік, әлдікті
Тамирис: У — уайымсыз уақытты
Мирас: Е — егемендік елдікті
Інжу:Л — дейді лағып, лепірме
Амина: С — сенімділік секілді ең
Өркен: І — ілтипат пен ізет қой
Алинұр: З — зиялылық тілек қой
Айнара: Д — шақырады достыққа
Рамазан: К — дейі күн боп көктегі
Хормен: — Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Оқушылар: Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқың,
Жасай бер, жаса, Қазақстан!
Мұғалім: Осымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Тәуелсіздігіміз жасай берсін, Мәңгі болсын!