Home » Мақалалар » «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

«Алтын қақпа» зияткерлік ойыны

Айтжанова Майра Сайлаубековна
Қарағанды облысы білім басқармасының
Приозерск қаласы білім бөлімінің
«№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар, сұрақтар, сандықша.

Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Тренинг «Шаңырақ».

Сәлеметсіздер ме, мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді біз шаттық, жылулық шеңбері дейміз. Себебі шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз – көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз.

Шаңырақ құру.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

Балалар, осындай керегесі кең, терезесі тең шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрейік. Орындарыңа жайғаса қойыңдар.

Балалар, биыл тәуелсіздікдігімізге 30 жыл!  Олай болса, тәуелсіздік туралы жыр-шумақтарға кезек берейік.

Кіріспе сөзі: Тәуелсіз елдің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Бүгінгі «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынына қатысушы оқушылар! Біз бүгін «Бастауыш сыныптар» апталығы аясында сайыс өткізбекпіз.

ІІ. Ойынның шарты: Енді сіздерді ойынның шартымен таныстыра кетейін. Балалар, біздің мақсатымыз өз пәндерімізді қаншалықты білетіндігімізді тексеру.

Ал бұл ойынның мақсаты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Нұр-Сұлтандай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз.

Ойын үш кезеңнен тұрады. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең — шешуші кезең — «Алтын қақпа» деп аталады. Сұрақтар салмағы әр кезеңінің атауына байланысты болады. Мысалы, «Темір қақпада» сұрақтар сәл жеңілдеу болса, «Күміс қақпада» сұрақтар алдыңғы кезеңге қарағанда күрделене, қиындай түседі. «Алтын қақпаның» сұрақтары болса, алдыңғы екі қақпаның да сұрақтарынан салмақты, алтындай бағалы болады. Берілген тапсырма, сұрақтарға дұрыс жауап берілген жағдайда қақпа ашылады. Үш қақпа ашылған соң «алтын сандықты» ашу үшін барлық кезеңде жақсы жауап берген топ алтын сандықтың сұрақтарына жауап береді. Алтын сандықтың сұрағына жауап берген топ жеңіске жетеді.

— Ойынның шарты түсінікті ме? Түсінікті болса, ойынымызды бастайық.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Топтың  аты: Ойшылдар

Ұранымыз: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым.

Көрсетеміз бізде қандай күш барын

Топтың аты: Тапқырлар

Ұранымыз: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз

Топтың аты: Білімділер

Ұранымыз: Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады

Топтың аты:  Ғалымдар

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз

І кезең — «Тас» қақпа.

Әліппе бойынша тапсырмалар. Барлық білімнің бастауы — Әліппе оқулығы. Оқулық туралы жыр-шумақтарына кезек берсек.

Аяулым:Әліппем менің, әліппем.

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Таймас: Әліппе – білім анасы,

Әліппе кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адам барма баласы.

А. Бекнұр: Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том болған кітаптың

Басы болған Әліппем.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы.

Әріп дегеніміз не? Дыбыс дегеніміз не?

Буын дегеніміз не? Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыс дегеніміз не? Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

Уу дыбысы қандай дыбыс? Неге?

Ее дыбысы қандай дыбыс?

«Тас» қақпа ашылды.

ІІ кезең – «Күміс» қақпа. Математика пәні.

Мейіржан: Жас достар,

Мұны жақсы ұғайық

Математика ғылымы

Құрметтеуге лайық

Айзере: Дүниедегі құбылыстың мәніне

Табиғаттың, қозғалыстың бәрінде

Мүмкін емес есептерсіз түсіну

Есебіңіз дүние кілті әлі де.

«Күміс» қақпаны ашуға арналған тапсырма:

Сұрақ-жауап (Ұяшықтың артында жасырынған сұрақтардан әр топ 3 сұрақтан таңдайды.

Ойынның шарты бойынша мына қобдишадан қай топ қызыл асықты таңдап алса, сол топ бірінші болып ұяшықтан сұрақтарды таңдайды.

1-сұрақ: 1 дм — ? см-ге тең?

2-сұрақ: 7-5=?  Мәнін тап

3-сұрақ: 5 санының құрамы.

4-сұрақ: 7 санының құрамы.

5-сұрақ: 6 санынның құрамы

6-сұрақ: Қосу амалының компоненттерін ата

7-сұрақ: Азайту амалының компоненттерін ата.

8-сұрақ: 10 см – 7 см=? см мәні нешеге тең?

9-сұрақ: Қалып кеткен сандарды жаз. 1 3 4 6 8 9

10-сұрақ. 1 онд – қандай сан?

11-сұрақ:  20-10=?=?онд

12-сұрақ. 5+4=?

«Күміс» қақпа ашылды.

ІІІ кезең – «Алтын» қақпа.

«Алтын» қақпаны ашуға арналған тапсырма: дүниетану, жаратылыстану пәні бойынша сұрақтар.

Айсель: Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір — бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Айнара:Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

Алинұр: Мен зерттеймін – балақай сен қарашы,

Сиқыршымын  — жаратылыстың патшасы

Ерболат:Табиғат сырын аштырған

Токпен қазан астырған

Миллион гектар астықты

Комбайынмен бастырған

Жаратылстану  емей немене?

 

«Алтын» қақпа ашылды. Біз барлық қақпаларды аштық.

Әділ қазылар алқасы дайын болғанша сергіту сәтін жасайық.

Өте тамаша. Балалар, сыйлықтың бәрі сандықта жатыр. Оны ашу керек. Ашу үшін тапсырма бар. Барлық кезеңде жақсы жауап беріп, алда келе жатқан топ сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берілсе ғана «Алтын сандық» ашылады.

«Алтын» сандықтың тапсырмасы: Қолданбалы сән ескерткіштерінің бірегейі. Ол біздің күнімізге дейін жеткен көшпенділер сәулетінің үлгісі. Жинақы, жеңіл, лезде жиналып қойылатын бұл не? (Киіз үй)

Рефлексия кезеңі.

-Балалар, сендерге бүгінгі ойын ұнады ма? Несімен ұнады?

-Қандай қиындықтар болды? (Лента арқылы)

Қорытынды: «Алтын» сандықты ашқан топ жеңімпаз болып саналады.

Бүгінгі «Алтын қақпа» интелектуальды ойынымызды «Тәуелсіз елдің ұланы» әнімен аяқтайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.