Home » Мақалалар » III тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

III тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

Мусабекова Алтын Кайруллаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
«Абай Құнанбайұлы атындағы
№87 мектеп-гимназиясы» КММ
бастауыш сынып мұғалімі

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы    оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 4-сыныпта «Математика» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына  арналған «Математика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы

  1. ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут. Балл саны – 18

  • Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда білім, білік дағдыларын өлшеу құралы ретінде көп таңдауы бар тапсырмалар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сандық мән, сөздер немесе есептің қысқа шешімі түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушы тапсырманың толық шешімін және шешімін табудың қадамдарын көрсетуі қажет. Білім алушылардың математикалық мәнмәтіндер қатарындағы математикалық тәсілдерді қолдану және іріктеу қабілеттері бағаланады.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/ cұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

«Математика пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары»

  1. Кестені мұқият қара. Есепті шығар.

Ұзындығы 900 км жолды жөндеу жұмыстарын 1-ші бригада 30 күнде, ал 2-ші бригада дәл осы жұмысты 45 күнде аяқтайды. Екі бригада жолдың екі жақ шетінен бір уақытта бастап, осындай еңбек өнімділігімен жұмыс істейтін болса, бұл жұмысты қанша уақытта аяқтайды?

 ӨнімділікУақытАтқарылатын жұмыс
1-бригада 

бірдей

30 күн?к         900км
2-бригада45 күн

 

[8]
  1. Шамалардың 1 % -ын анықта

3000кг =                               4500тг =                                                            [2]

  1. Салыстыр
[2]
  1. Есепте

 

+       =                                —       =                                           [2]

 

  1. Есепті шығар

Мектеп аспазы мереке қарсаңында 48кг торт дайындады. Оның   бөлігі бастауыш сынып оқушыларына берілді. Бастауыш сынып оқушыларына неше килограмм торт бөлінді?

[4]

Балл қою кестесі

Жауап БаллҚосымша

ақпарат

1900км : 30күн =1 
30км/ күн (1-бригада)1
900км : 45күн =1
20км/ күн ( 2-бригада)1
30км/ күн + 20км/ күн = 50км/ күн1
900км : 50км/ күн = 18 күн1
18 күн х 30км/ күн =540 км1
18 күн х 20км/ күн =360 км1
230кг1 
45тг1
3>1
<1
41 
1
5Барлығы -48кг

Бастауыш сынып  -б

2Есептің сызбасы да қабылданады
48кг : 8 х 3=18кг1Өлшем бірлігі жазылмаған жағдайд жауп қабылданбайды
Жауабы: бастауыш сынып оқушыларына 18 килограмм торт бөлінді.

 

1
Барлығы18 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.