Қасым Олжас Мейрамұлы
№102 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні
мұғалімі
Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы , көз қуанышы – бала. Бала- дербес тұлға . Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала дегенде ет жүрегі елжіремейтін адам баласы жоқ шығар. Өйткені, ол ата- ананың ақ тілегі, қуанышы. Әр бір жас өркен- елдің ертеңі, ұлттың болашағы. Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі өте жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата- ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Ата- аналар балаларын өздерінің өнегелі сөздерімен , жеке басының асыл қасиетімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш , тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Әр бала ерекелеткенді, жылы сөйлегенді, ойын ойнағанды, аялағанды ұнатады. Бұл – баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізігі қасиеті. Бұл қасиет тек балаға ғана тән. Өйткені бала сезімі- пәк. «Бала тілі- бал», «Балалы үй- базар», «Балаға үміт арту әкенің парызы, ақтау баланың қарызы» — деген мақалды халық өте орынды айтқан. Баланы аялап, жылы сөйлеу- баланың ақылды, ұстамды, мейірімді азамат болып өсуіне көп ықпалын тигізеді. Ал балаға ұрысу, балағаттау баланың бойында кек алу, өшпенділік қасиеттерді оятады. Ата- ана отбасындағы жетекші тұлға, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата- ананың тіршілігіндегі көрген қызығы , жақсылығының ең бағалысы ол- перзенті. Отбасы- адам баласының өсіп – өнер алатын ұясы. Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету.Бала тәрбиелеуоңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала ата- анасын, ата- ана баласын танымайынша, сенімді тірек болса, тәрбиеші де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен ата- ана арасында тығыз қарым қатынас орын алуы тиіс. Өйткені, әр отбасының өзіндік әдет ғұрпы, қалыптасқан тәртібі болады. Жазушы педагог Ж. Аймауытов «баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі, балаға айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек » — деген. Осы бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата- анасынан, мектепте- ұстаздардан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Сондықтанда халық өмір есігін енді ғана ашқан сәби тәрбиесін бесіктен бастаған. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата- ана тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Абай атамыз өзінің 10- шы қара сөзінде «Әдемі баланы өзің алдайсың: әке, оны берем, міне, мұны берем деп, басында балаңды алдағанға мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» — деп балаларына теріс тәрбие беретін ата- аналарды сынайды. Тәрбие- білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек. Баланы дамыту, ой өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата- ана да баланың жан дүниесін білуі керек,оны жеке тұлға ретінде тануы қажет. Отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Бала – отбасының бақыты. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала сіздің жаныңыздағы мереке.