Home » Мақалалар » География пәнінен оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары

География пәнінен оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары

Садыгулова Кулимхан Мухатаевна
Жамбыл  облысы
Шу  ауданы  білім бөлімінің
география пәні әдіскері

 «География пәнінен оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдары»

Қазіргі уақыт талабы – әрбір оқушыға саналы да, терең білім беру. Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларды оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Әрбір ұстаз оқытудың жаңа технологияларын қарастырып, өзінің әдістемелік шеберлігін арттыра отырып, шығармашылықпен жұмыс жасау жолдарын үйрету сияқты тынымсыз ізденудің арқасында ғана нәтижеге жетеді.

Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, сабақтың ақпараттандыруға қанығуын күшейту, білімнің өмірмен сабақтастығын оқытуда нақты деректерді, мағлұматтарды пайдалану сабақтың білімділік деңгейін көтеріп, оқушының белсенділігін арттырады, шығармашылықпен ойлауына жағдай туғызады.

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүйеленіп отырған жаңа талап, міндеттер мұғалімдерге қойылып отыр.

Әлемдік өркениетке ұмтылған елімізде оқыту мен тәрбиенің сан түрлі жолдары қарастырылуда. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығару үшін, даярлау кезінде шығармашылық жұмыс басты рөл атқарады.  Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті — дайын білім дағдыларын меңгертіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту, бұл әрине оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Шығармашылық дамыту – адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

  • Сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағыттау керек;
  • Әрбір шығармашылық тапсырма жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек;
  • Оқушының шығармашылықпен айналысуын мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек.

Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру қажет. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауы, өздеріне деген сенімділік арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Адам бойындағы қабілеттерін оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қодануға болады.

Сауалнамалар, психо-диагностикалық, тренинг, проблемалық оқыту,  көп деңгейлі тапсырма беру әдісі тірек-сызбалар, ойын элементері,  шағын эссе жазу, сөзжұмбақ құру, венн диаграмасы, тест әдісі, дебат әдісі, АКТ.       Бала бойындағы  дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жанашыл әдіс тәсілдерге сүйеніп сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра  алады.  География сабағында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақты түрлендіре, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасау керек.  Сонымен бірге география сабақтарында оқушыларға мынадай талаптар орындалуы тиіс:

-Үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқу

-Тақырыпқа байланысты кесте жасау,

— Негізгі терминдерді жатқа айту

-Қосымша ақпарат көздерін қолдану

Нәтижесінде оқушы кез келген географиялық зандылықтарға талдау жасай біледі, өзіндік  пікір қалыптастыратын шешендік өнерді игерген тұлғаға айналады,  сонымен бірге оқу, сөйлеу, жазу белсенділігі артады.         Зерттеу жұмыстарын жасату арқылы оқушылардың шығармашылылық қабілетін шындалады,  нәтижесінде бірнеше оқушыларым ғылыми зерттеу жұмыстарын жазып ғылыми конференцияларда өз еңбектерін қорғап шыға алады.

Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресесе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады

Қорыта айтқанда, уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Мектеп директоры»- Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.
  2. «География, Биология, Экология орта мектепте» журнал
  3. «Биолог ан ықтамалығы» журнал

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.