Home » Мақалалар » ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ БАРЫСЫ

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ БАРЫСЫ

Айдарбеков Бахтияр Шахамаранович
Алматы облысы  Көксу ауданы
«Жамбыл атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
дене шынықтыру  пәні мұғалімі
педагог-модератор

Қазақстанда қашықтықтан оқытуда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп жатыр. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды негізгіқозғаушы күші – педагогтер менбілім алушылар, сол себепті білімнің негізгі принциптері толықтай іске асырылуы тиіс. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен республика аймақтарындағы барлық педгогтер қашықтықтан біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қашықтан оқыту арқылы мұғалімнің біліктілігін көтерді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырды, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертті.

Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:

o педагогикалық оқыту мотивациялық, интерактивті, технологиялық және индивидуалды болып келеді;

o қашықтан мұғалімдер өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар;

o коммуникативті,электронды   желілер
арқылы  байланысатын педагогтердің, мамандықтардың саны көбеюде.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз – оқу процессі кезінде коммуникациялық технологияларға негізделген дәстүрлі инновациялық әдістерді қолдану, мұғалім мен оқушы арасында қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқыту түрі, яғни, интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Сонымен қатар, кез-келген оқытужүйесінде бар компоненттерден, оқытудың барлық түрінде әлеуметтік қажеттілікті өтейтін мақсаттардан; оқу орнының түріне қарай қолданыстағы программаларды қамтитын мазмұннан; әдістемелерден, ұйымдастыру формасынан, оқу құралдарынан тұрады.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.

«Оnline» режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта қашықтықта мұғалім экранын арқылы оқытуды ұйымдастыру. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін мұғалім оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлік және тораптық жүйелерін жетік біліп, оқушылармен жұмыс жасау шарт.

Қазіргі заман талабы әрбір педагогтен сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Қашықтықтан оқытуда мұғалім мен оқушы арасындатығыз байланыста жұмыс жасауда түсінушілік пайда болады.

Қашықтан оқыту мұғалімнің коммуникативті дамуына, оқушылардың көзқарасын түсінуге, сыни талдау жасау мен диалог құра білуге үйретуге, тиімді кері байланыс ұйымдастыруына бағытталған. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оны күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа қашықтықтан оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалануға мүмкіндіктері артады. WEB – беттер жасауда оқушылар өздерінің жұмысын желіден көріп ғылыми, суретші немесе басқа да шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді.

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру. Қашықтықтан оқыту арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға мүмкіндіктер алады. Қашықтықтан оқыту барысында бірігіп, ұйымшылдықпен атқарылған жұмыстардың оң нәтиже беруі де білікті ұстаздарымыздың үлесі екені сөзсіз!

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.