Home » Мақалалар » «Бәрін білгім келеді»

«Бәрін білгім келеді»

Жаденова Жансая Жұмажанқызы
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі білім басқармасының
Орал қаласы білім беру бөлімінің
№35 «Шұғыла» МКҚК бөбекжайы
тәрбиеші

«Балдырған» МАД тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

  технологиялық    картасы.

Білім саласы: Шығармашылық, Қатынас, Таным, Әлеумет.

Түрі: Кіріктірілген

Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді».

Смарт мақсат: Балалар сандарды атай алады, олардың көршілерін тауып, салыстыра алады. Қисынды есептерді шығара отырып, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыра алады. Әріптерді ажыратып, сөздерге дыбыстық талдау жасай біледі.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгіме жүргізу, слайд қарау.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: тақпақтар жаттату, дыбыстық талдаулар жасап үйрену.

Полингвалды компонент: көктем – весна, бәйшешек – подснежник, қызғалдақ – тюльпан.

ҰОҚ басы:

Тәрбиешінің іс әрекеті: Балалар шеңберге тұрайық, шаттық шеңбер жасайық.

Балалардың іс әрекеті: Арайлап таң атты,

Алтын күн сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз!

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, Жансая Жұмажанқызы!

Қайырлы таң, қонақтар!

Здравствуй, Мир!

Здравствуй, Свет!

Здравствуй, добрый человек!

Тәрбиешінің іс әрекеті: Бүгінгі оқу қызметімізді сайыс түрінде өткізбекпіз, соған орай біздің балалар, екі топқа бөлінді.

1 топ: «Бәйшешек» тобы.

2 топ: «Қызғалдақ» тобы.

Енді сіздерді қазылар алқасымен таныстырайық:

  1. Бөбекжай меңгерушісі:

Жангүлім Сағындыққызы.

  1. Бөбекжай әдіскері: Нұрсауле Закарияқызы.
  2. Бөбекжай психологы: Гүлзира Елубайқызы.

Сайысымызды бастамас бұрын балаларымыздың орындауында  Қадір Мырза — Әлидің жарысқа арналған тақпақтары:

 

Айшат:

Уа, жарандар, жарандар,

Әлдеріңе қараңдар!

Жұлдыздарың жанбаса,

Жалаң қылыш жалаңдар!

Аруза:

Жымың – жымың қарайсың,

Жарысуға қалайсың?

Ұстатпауға жарасаң,

Қууға да жарайсың!

Е. Сұлтан:

Төрешілер құрамы

Бәрін бағып тұрады

Тәртіп бұзсаң

Қақпаңа

Айып добын ұрады!

 

ҰОҚ негізгі кезеңі:

Балалар, экранға назар аударайық, не көріп тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар гүлдің суреті екен, бұл гүл қалай аталады?

Бәйшешек гүлі, дұрыс айтасыңдар, бұл гүл қай мезгілде өседі екен?

Көктем мезгілінде өседі.Демек қазір көктем мезгілі екен ғой.

Полингвалды компонент: Көктем – весна, бәйшешек – подснежник, қызғалдақ – тюльпан.

Балалар, бәйшешек және қызғалдақ  сөздеріндегі әріптердің бәрін сауат ашу оқу қызметінде өттік, енді осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық, талдау жасамас бұрын буынға бөлейікші, неше буыннан тұрады?

Дұрыс айтасыңдар, екі сөзде үш буыннан тұрады екен. Енді мальберттерге келіп сөзге дыбыстық талдау жасайық.

1 тапсырма: Дыбыстық талдау жасау «Бәйшешек және қызғалдақ» сөздеріне.

Жарайсыңдар, бәрекелді бірінші тапсырманы жақсы орындадыңдар, енді екінші тапсырманы тыңдайық.

2 тапсырма: «Көршісін тап, салыстыр». Экранға назар аударайық, бірінші суретте сандар орналасқан сол сандардың көршілерін тауып айту керек. Балалар , тапсырманы дұрыс орындады.

Екінші және үшінші  суреттегі заттарды салыстыруымыз керек. Балалар заттарды салыстыра алатындаын көрсете білді.

3тапсырма : Алдымызда әдемі құстар тұр, күн жылынғасын ұшып келіпті, арттарында сендерге аналған сұрақтар бар екен, соларға жауап бересіздер ме? Иә

1 топ:

Ғай – ғай – ғай,

Жем шоқиды торғай! деп торғайды таңдаймыз.

1.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? 4 жыл мезгілі бар: күз, қыс, көктем, жаз.

2 топ:

Ғаш – ғаш – ғаш,

Ұя салды  қарлығаш! деп қарлығашты таңдаймыз

2.1 апта да неше күн бар? 7 күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

1 топ:

Бұл – бұл – бұл,

Сарайды бұлбұл! деп бұлбұлды таңдаймыз.

3.Адамда неше құлақ бар? 2 құлақ бар.

2 топ:

Қан – қан – қан,

Ала қанат сауысқан! деп сауысқанды таңдаймыз.

4.Адамда неше жүрек бар? 1 жүрек бар.

1 топ:

Дақ – дақ – дақ,

Емші құс тоқылдақ! деп тоқылдақты таңдаймыз.

5.Бағдаршамның түсі қызыл жанғанда машина не істейді? Машина тоқтау керек.

2 топ:

Қу – қу – қу,

Жүзеді қос аққу! деп аққуды таңдаймыз.

6.Бағдаршамда жасыл адам жанғанда не істейміз?Жолдан өтуіміз керек.

Балалар, шаршаған боларсыздар, сергіту сәтін жасап, серігіп алайық.

4 тапсырма: Логикалық сұрақтар.

1 топ: Саябақта 6 орындық тұр, сол орындықтардың екеуін бояп кетті. Саябақта неше орындық қалды? Жауабы: 6.

2 топ: 1 автобус ауылға қарай келе жатыр, алдынан қарама – қарсы үш машина жүріп өтті. Сонда ауылға неше автобус бара жатыр? Жауабы: 1.

1 топ:Екі мысықтың аяғы нешеу? Жауабы: 8

2 топ: Үш сиырдың мүйізі нешеу? Жауабы: 6.

1 топ: Жанарда бар бес сақина

Шынарда бар үш сақина

Екеуі болады неше сақина? Жауабы: 8.

2 топ: Бөлменің төрт бұрышы бар,

Әр бұрышта бір мысықтан отыр,

Барлығы неше мысық отыр? Жауабы: 4.

1топ: Дарбаза артынан 8 дөңгелек көрініп тұр. Дарбазаның артында неше машина тұр деп ойлайсың?  Жауабы: 2 машина.

2 топ: Әжеде бар еді алты моншақ,

Айнұрға берді үш моншақ

Әжеде қалды қанша моншақ? Жауабы: 3 моншақ.

Балалар, өте жақсы сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер.

5 тапсырма «Сөзжұмбақ».

1 топ:

1.Папа деген сөзді қазақша қалай айтамыз? (әке)

  1. Біздің жалаудың түсі қандай? (көк)

3.Мынау қандай құс? (кептер)

4.Альпенисттер қайда көтеріледі? (тау)

5.Анамыздың анасы бізге кім болады? (әже)

6.Түнде ызылдап, шағып ұйықтатпайтын жәндік не? (маса)

(Ортасындағы сөз: Көктем)

2 топ:

1.Қыздар мойындарына таққанды ұнатады, ол не? (моншақ)

2.Суда немен жүзеді? (кеме)

  1. Адамның көру мүшесіне не жатады? (көз)

4.Бәйшешек деген не? (гүл)

5.Тышқанның үйін қалай атаймыз? (ін)

6.Ешкінің төлін қалай атайды? (лақ)
(Ортасындағы сөз: Мезгіл)
ҰОҚ қорытынды кезеңі:

Енді соңғы тапсырмамыз шығармашылыққа арналады, әр топ жеке – жеке  өздерінің атауларына байланысты салынған суреттерді ермексаздың көмегімен әшекелейді.

Балалар шығармашылықтарын орындап болғанша, әділқазы алқасы өз шешімдерін салыстырып, топтарға атауларын белгілейді, марапаттайды.

Берілген тапсырманы балалар, жеке- жеке орындайды, әдемі мүсіндеген балалардың шығармашылықтары мадақталады.

Күтілетін нәтиже:

Бала жасайды: Сайыс арқылы өз ойларын толықтай жеткізіп, тақпақтарын қайталай білді.

Бала түсінеді: Логикалық сұрақтарды дұрыс түсіне алды.

Бала  қолданады: Өз топтарына сай суреттерді мүсіндей алады, сөзжұмбақты жақсы шеше  алды

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.