Home » Мақалалар » Жақсылық жасау –игі іс!

Жақсылық жасау –игі іс!

Жақсылық — адамгершілік пен имандылықты сипаттайтын жалпы ұғым. Жақсылық жасау,адамға қуаныш сыйлау.Кез-келген адамды жасына қарай сыйлап,ізет көрсетудің өзі де үлкен жанға көрсетілген жақсылықтың бір үлесі.Үлкен болсын,сенен кіші болсын жақсы сөздер айтып, қолдан келген көмекті аямай,әрқашанда қолдау көрсету керек.Әрине,ол жақсылықтың да кейін қайтарымы болады. Жақсылық жасауміндетті түрде ол адам үшін дүниені төңкеру немесе әлем білетіндей көмек көрсету емес,жай ғана сөзбен демеп,кішкене ғана көзге ілінбес жақсылық жасаудың өзі үлкен құрметті іс. Көмек көрсету кезінде ол адамды міндетті түрде тану шартты емес  деп ойлаймын.                                                                                  «Жақсылық жасау –игі іс» деген ұранмен №102 ЖББМ   «Мектепке жол» акциясы бойынша науқан басталып кетті.  Жылда дәстүрге айналған  бұл іс –шараға  мектеп  ұжымы бір кісідей  ат салысады.  Бірнеше  жыл  үздіксіз  науқанға  қатысып келе жатқан  ұстаздар қауымы  биылда  шет қалған жоқ.  Мектебіміздегі  жағдайы төмен  отбасыларға және өмірде қиын жағдайда қалған  отбасы  балаларына  мектеп формасы және   оқу-құралдармен қамтамасыз етіп, бірнеше  оқушыны  оқу жылы қарсаңында  қуанышқа бөледі. Тек ұстаздар қауымы ғана  емес   ата-аналар  тарапынан  да  демеушілік  көрсетіп  жатқан   жақсылыққа жаны  құштар   жандар аз емес. Мектебіміздің  тұрақты демеушісі Самиев Махмадер  бірінші  сыныпқа  келетін бірнеше  оқушыға  қуаныш  сыйлады.  Қиналған сәтте алынған көмек  ешқашан ұмтылмайды.  Қазақ  даналығында «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын»,-деген  жақсы сөз бар  ғой, біздер  жақсылық жасап, бір-біріне демеу болып, сүрінге сүйеніш  болған  жандарды әрдайым жарыса жазып, жар салып  айтқымыз  келіп  тұрады.  Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек деп ойлаймын. Осы қасиеттер  біздерге  көмек  қолын созып отырған  әрбір  адамның  жүрегінен орын  табылады.   Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылғандарға ризашылығымыз шексіз.  Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайтыны сөзсіз. Бір-бірімізге жақсылық жасап жарысайық!

№102 ЖББМ  қазақ тілі мен әдебиет пәні  мұғалімі
Бардан Ақниет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.