Home » Жаңалықтар » БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ

БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Тіл және әдебиет иниститутының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің тілдік пәндерінен облыстық олимпиада жалауын көтерді. Тіл және әдебиет иниституты — заманауи біліммен қаруланған университеттің сапалы факультеттерінің бірі. Бұл иниститутта қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі және аударма ісі мамандықтары жоғары деңгейде білім беріп, маман дайындап отыр. Осы мамандықтарға сәйкес 5 кафедра жұмыс істейді. Осы кафедралардың атсалысуымен қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша 10-11 сыныптардан 250 оқушы білім бәйгесінде бақтарын сынып отыр. Олимпиада ZOOM платформасында онлайн түрде өткізілді. Әрбір пән, әр сынып бойынша орын иеленіп, жүзден жүйрік атанады. Олимпиада екі кезеңнен тұрады. І кезең 30 сұрақтан тұратын тест Googol форматта орындады. Бұның бір ерекшелігі сұрақтардың жауабын автоматты түрде тексеріп, ұпайы қойылады. ІІ кезеңде шағын эссе жазды. 11 сыныптар бойынша Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің олимипада қорытындысы шығарылды. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Ең жоғарғы ұпайды әл-Фраби мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Хамитова Мөлдір жинап, І орынды жеңіп алды. Қожаберген жырау атындағы № 6 қазақ орта мектебі, Тайынша ауданы, Чкалов орта мектебі және Білім-Инновация мектебінің оқушылары Қабыкен Елдана, Ермағанбет Аружан және Қуанышбай Аружан ІІ орын иеленді. ІІІ орынды Бақытжанова Тамаша, Каримов Рүстем, Нұрмұқанова Айдана өзара бөлісті.

Жазира Көкбасқызы,
«BILIM AINASY»,
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.