Home » Мақалалар » Мұғалім – оқушы – ата-ана.

Мұғалім – оқушы – ата-ана.

Жузбаева Бибинур Калыевна
№38 мектеп-лицей                                                                              бастауыш сынып мұғалімі

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», — деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, білім беруде тәрбиенің сабақтасы зор. Ал тәрбие ошағы – әрине отбасы. Тәрбие тамыры ата-анадан екені сөзсіз. Ал білім бастауы ұзтаздан. Оқушыға саналы тәрбие мен сапалы білім беруде мұғалім мен ата-ана үздіксіз өзара байланыста жұмыс жасау керек. Мұғалім мен ата-ана болып, әркім өз міндетін дұрыс көздесе, мақсатқа жетіп, жақсы нәтиже берері анық. Әрине оқушы да тыс қалмауы керек. Оқушы – мұғалім мен ата-ананың басты нысаны.

Сапалы білім алған, тәрбиесі саналы тұлға қалыптастыру үшін мұғалім оқушының барлық танымдық үрдістерін бақылап, анықтап, оны зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ата-ана өз тарапынан алдын-алу, түзету, дамыту жұмыстарына ат салысуы тиіс.

«Ел болашағы – жастарда», — деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпақ үшін бірлесе жасалған жұмыс, келешегіміздің көрсеткіші болмақ. Тәжірибелі, білікті ұздаздардан білім алып, үлгілі, өнегелі ата-аналардан тәрбие сіңірген жастарымыз, елімізге қызмет жасап, болашағымыздың жарқын болары өз қолымызда.

Педагогтар мен ата-аналар есіне, егер:

  • баланы үнемі сыңайтын болсаңыз, ол барлығын жек көретін болады;
  • балаға үнемі ескерту жасасаңыз, ол тұйық болып өседі;
  • баланы орынды мақтай білсеңіз, ол жақсы қырларын көрсетуге тырысады;
  • балаға үнемі қолдау көрсетіп отырсаңыз, ол өзін-өзі бағалай білетін болады;
  • бала шындықты айтып өсетін болса, шыншыл азамат болып қалыптасады;
  • бала алаңсыз, қауіпсіз жағдайда өсетін болса, ол адамдарға сеніммен қарайтын болады;
  • бала ұрыс-керісті, жат қылықтарды көріп өссе, ол ашушаң, кекшіл болады;
  • бала қайырымдылық пен мейірімділікке бөленіп өссе, ол бұл әлемде махаббат пен сүйіспеншілікте болып, ата-анаға қайырымды болады.

Ата-аналарға не істеуге болмайды?

Баланы ешқашан қорламаңыз! Баланың ішкі дүниесі құрып, оның жаратымды образы жойылады.

Уәдені қиянатпен алмаңыз! Уәде беру бала үшін түк те емес. Егер бала сезімтал болса, оның бойында кінә сізімі болады. Егер сезімтал болмаса, бұл оны үйретеді: сөз – бір, іс – басқа.

Тым қамқор болмаңыз! Шамадан тыс қамқорлық баланың өзін-өзі басқара алмауына әкеп соқтырады.

Мойынсынуды талап етпеңіз! Бала еркіндікте өсуі керек, оған барынша мүмкіндік беріңіз.

Артық талап етпеңіз! Баланың жас ерекшелік мүмкіндіктерін ескерген жөн.

Моральды көп айтпаңыз! Баланың өзіне деген көзқарасы, өзін бағалауы төмен болады. Балаңыздың бала болу құқығынан айырмаңыз.

Ынтаңыз артық болмасын! Бала жеке қалып, армандап, өз-өзін ұғынып, түсіне алуы керек.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.