Home » Мақалалар » «Терең білім – Тәуелсіздіктің тірегі»

«Терең білім – Тәуелсіздіктің тірегі»

Жайлаубаев Бауыржан
«№13 мектеп-гимназиясының»
тарих пәні мұғалімі

Тәу етер тәуелсіздігімзді алғанымызға биыл 30 жыл толды. Біз бұл датаға біртұтас әрі қуатты мемлекет ретінде жеттік. Тәуелсіздік біздің ең қасиетті, ең құнды байлығымыз.

Осы орайда 2021 жылдың желтоқсан айында 13-ші гимназия кмм-де тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығына байланысты бірнеше іс-шаралар өткізілді. Ата-бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіздікті оңай алмағанымыз белгілі,  және осы жолда жанын қиған батыр аға-апаларымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қазақ елінің егеменді ел болуы қарсаңында талай нәубет заманнан өткендігін бейнелейтін әсерлі қойылым қойылды.

Аймақ ұстаздарының білімін арттыру мен тәжірибе алмасу мақсатында қалалық деңгейде «Терең білім – Тәуелсіздіктің тірегі» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Аталған шараға Назарбаев зияткерлік мектебінен, қоғамдық ұйымдардан және «№13 мектеп-гимназиясынан» ұстаздар сөз сөйлеп, тартымды баяндамалар қорғады.

Сонымен қатар, қалалық деңгейде мұғалімдер арасында дебаттан турнир өткізілді. Қатысушы командалар мықтылығымен көзге түсіп, ерекше бақ сынады.. Бұл турнирге «№11 лицей», «№12 орта мектеп», «№13 гимназия» және «№16 орта мектептен» командалар қатысты. 1 және 2 орын «№12 орта мектеп» пен «№13 гимназия» ұстаздарына бұйырса, 3 орынды «№11 лицей» мен «16 орта мектептен» келген мұғалімдер иеленіп, диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Бұл шараларды өскелең ұрпақ пен ұстаз санасына терең дәріптелсе екен деп ұйымдастырдым.

2021 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толды. Осы орайда білім ордамызда өткізілген іс-шаралар алдағы уақыттада жалғаса бермек. Еліміздің білім беру саласына барынша өз үлестерін қосып келе жатқан ұстаздар қауымын және барша отандастарымызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.