Home » Мақалалар » География пәнін оқытуда саралаудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер

География пәнін оқытуда саралаудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер

Абуова Болғанай Бактыгереевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
география пәнінің мұғалімі

Мектептің білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, олардың жалпы мәдениетін қалыптастыруда тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуде, Жер бетінде тіршілікті сақтауда география пәнінің рөлі өте зор! География ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе, мектепке беріліп отырған әлеуметтік тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады. География пәнінің ерекшелігі сол сарамандық, талдау, зерттеу, шешім ұсыну жұмыстары мен өзіндік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады.

  1. Оқулықпен жұмыс. Әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді (көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді).
  2. Атласпен, картамен жұмыс. География пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.
  3. Кескін картамен жұмыс. Бұл жұмысты 7-сыныптан бастап үйрете беру керек. Себебі 7-сыныптағы материктер картасын кескін картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.
  4. Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау. Географияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с.
  5. Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек. Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып отыру керек. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру қажет, себебі ол – оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
  6. Кестелерді толтыр. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру, нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.
  7. График, профиль, диаграммалар сызу. 7-сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту – оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9-сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.
  8. Қосымша әдебиетпен жұмыс. Қосымша әдебиеттердің ішінде саяхатшылардың өмір – тарихы, зерттеулері, қызықты әңгімелер оқу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына, дүниетанымының артуына мүмкіндік туындайды.
  9. Табиғатқа бақыла. Топсеруендегі бақылаулар мен ауа райына күнделікті бақылау жүргізу.
  10. Карта-сызба нұсқауларды қарау.

11.Әңгіме құра білу. Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтижесі білім ұстамының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции: «Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл ойыммен істеген ісімді түсінемін» дегендей оқушылардың негізгі білім және білік дағдыларын қалпыстырады. Күнделікті сабақтарда әсіресе 7-8-сынып оқушыларымен деңгейлік тапсырмалар беру арқылы саралап оқыту технологиясын пайдаланған өте тиімді. Себебі бұл сынып оқушыларының жас ерекшелігіндегі психологиялық жағдайларын пайдаланып, олардың бір-біріне деген қызығушылығын, еліктеу қасиеттерін ескере отырып дамытуға мүмкіндік туындайды. Айта кететін жағдай, бұл технологияны пайдаланғанда сынып оқушыларын білім, білік, дағдыларының қалыптасуына, зейіні мен есте сақтау қабілеттеріне қарай бірнеше топқа бөлу қажет. Оны «А», «Б», «С» тобы деп немесе І, ІІ және ІІІ-топ деп бөлуге болады. Тағы бір ескеретін жағдай білім алу барысында оқушылар бір топтан екінші топқа даму қабілетіне қарай көшіп отырады. Тапсырма үлгілері төмендегіше құрастыруға болады:

1-деңгейде: (ойлау қабілеті ортадан төмен деңгейдегі топ оқушылары үшін) Тақырыптық карталардың элементтерін құрамдас бөліктерімен сәйкестендіріңіз.

Карта элементтері Карта элементтерінің бөліктері 
1Математикалық негізaГрафиктер, диаграммалар, профильдер, мәтіндік және
    сандық деректер 
2Картографиялық бейнеbКарта кілті (шартты белгілері), картометриялық және
    анықтамалық мәліметтер 
3Көмекші құралдар cГидрография, елді мекендер, шекаралар, жолдар
4Қосымшы мәліметтерdГеодезиялық негіз, масштаб, картографиялық проекция

2-деңгейде: (орташа ойлау деңгейіндегі топ оқушылары үшін)

Астана қаласында кешкі сағат 20:00 болғанда Токио қаласында сағат _______ болады.

Астана қаласында сағат 12:00 болғанда Вашингтон қаласында сағат тілі _______ көрсетеді.

3-деңгейде: (жоғары ойлау қабілеті бар топ оқушыларына)

Астанасының географиялық координаттары — 52°31′ с.е. және 13°24′ ш.б. болатын   мемлекетті тиісті тақырыптық картадан анықтап:

  1. Оның шекараларын, астанасын кескін картаға түсіріңіз.
  2. Осы елге көрші мемлекеттерді кескін картаға түсіріңіз.
  3. Көрші мемлекеттерді көршілік жағдайларына қарай төмендегі кестеге толтырып жазыңыз (Kөрші елдер: Франция, Бельгия, Швейцария, Дания, Польша, Люксембург, Чехия, Нидерланд, Аустрия):

Берілген мемлекеттің көршілері

Солтүстік көршілері 
Оңтүстік көршілері 
Батыс көршілері 
Шығыс көршілері 

 

Сонымен саралап оқыту дегеніміз – оқушының туа біткен ақыл–ой қабілетінің жеке дамуының жан- жақтығына негізделген білім беру жүйесі.

Пайдаланылған әдебиет:

Ғ.Наметова. География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен қолданылатын әдіс- тәсілдері,   https://rector.kz/sabak-zhospary/id/4916

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.