Home » Ашық сабақтар »   Биология пәні сабақтарында студенттердің сыни ойлауын қалыптастыруда белсенді әдіс-тәсілді қолданy

  Биология пәні сабақтарында студенттердің сыни ойлауын қалыптастыруда белсенді әдіс-тәсілді қолданy

Назирова Бакытгуль Жандосовна
Шығыс Қазақстан облысы
Бесқарағай ауданы
Бесқарағай колледжінің
биология пәнінің мұғалімі 


Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Сыни тұрғыдан ойлау – білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Сыни тұрғыдан ойлау – бұл қиын тапсырмалардың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Мен осы баяндамамда бүгінгі оқыту жүйесіндегі өзекті талаптардың бірі – критериалды бағалауды алып отырмын.  Критериалды бағалау – оқушының оқу жетістігін бағалау.  Күнделікті дайындалған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде студенттің оқу жетістігі, әрі оқыту үшін бағалауды қолдануға да келіп жеттік.

Оқуды тиімді бағалау – білім беру мен оқытудағы ең маңызды кезең. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, студент үшін де жауапкершілікті талап етеді.

Айта кетсек, баға қою – студентті оқуға міндеттейтіні мәлім. Кейде бұл кері әсерін де тигізіп жатады. Жақсы оқитын студент нашар баға алмауы тиіс сияқты тұстарын ескере кетсек, бағаны қоюда оны қалай пайдалануға болады? Қандай жағдайда студентті қызықтыра отырып, сабаққа деген зейінін арттыруға болады? Міне, бүгінгі күннің осындай өзекті мәселелері менің көкірегіме ұялайды. Ол үшін Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын тереңірек түсіне отырып, сабақта тиімді қолдана білу керек деп ойлаймын.

Студенттің сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық тренингтер жүргізу керек сияқты. Себебі сабаққа зейіні ауған студенттің білімге деген құштарлығын арттыратын элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сабақта «Шаттық шеңберін» жиі ұйымдастырып отырған дұрыс деймін. Сол кезде студенттің бойына мейірім мен қайырымдылық, шынайылылық қалыптасады. Осындай ыстық ықыластарын бір – бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіре алады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, топпен жұмыс жасауға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс.

Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екенін ойлана отырып, сол арқылы студенттен күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім ең алдымен нені мақсат  етіп алды, оған жетудің жолдарын жүйелей отырып, жоспар құратыны бәрімізге мәлім. Бағалау міне, осы тұста керек. Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануына қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.

Студентті оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау бойынша бірнеше қадам жасалатыны бәрімізге анық. Мысалы: студентке қарапайым сұрақ қою, сұраққа жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру. Бұл көбінесе өздік жұмыс жасағанда керек. Ал топтық жұмыстарда бағалау парақтарын постер арқылы дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Студент мұны тыңдай отырып, айтылу дағдысында пайдалана алады.

Оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, яғни «мақсатқа жетті немесе жетпеді» бағаланады. Ал, кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға, екіншіден келесі сабақ тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдануға, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Қорыта келе, критериалды бағалау – бүгінгі білім жүйесіндегі талаптардың бірі. Студент сыни тұрғыдан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыныс болады. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.