т.ғ.м., профессор ассистенті
Джумагалиев Талгат Кумаргалиевич
— Халықаралық білім беру корпорациясы,
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы,
жалпы құрылыс факультеті;
ф.ғ.к., профессор ассистенті
Жакупова Әлия Өміржановна.
Халықаралық білім беру корпорациясы,
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы,
жалпы білім беру пәндері факультеті
Мақсатымыз – білікті маман дайындау
Халықаралық білім беру корпорациясы (Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы) — білім көкжиегін бетке алған шәкірттерге сапалы дәріс беріп келе жатқан Қазақстанның жетекші оқу орындарының бірі. Оқу орнының негізі қаланғалы бұл шаңырақтан білімді әрі білікті талапкерлер қанатын қатайтып, биікке бағыт алды. Мемлекетті гүлдендірер сәулетшілер шоғыры қаулап өсіп шықты.
Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық ахуал ескеріліп, оқу орны қашықтан оқытуға ауысты. Қашықтықтан оқыту жүйелерімен қиындықтар туындаған жоқ.
Әр білім қайнарының алдына қояр басты мақсат-мүддесі бар. ХБК-ның межелеген мұраты – жоғары білікті мамандарды дайындықпен қамтамасыз ету, студенттерге жоғары деңгейде білім нәрімен сусындауға мүмкіндік беру, қоғамнан өз орнын таба білетін жан-жақты, қарым-қабілетті, зияткер тұлға етіп шығару.
Білім шаңырағы студент жастарға кемел білім дарытумен қатар, оларға азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік және интернационалдық сезімге баулу жағын да жүзеге асырып келеді.
Оқу орнының білім беру саясатының бірі – студенттердің қабілетін тану, оны жетілдіруге қол ұшын созу. Айтылған мақсаттар рет-ретімен орындалу үстінде. Бұл орайда ХБК-ның айы оңынан туып тұр.
Бүгінде академияда оқу процесін жетілдіруде көптеген істер тындырылуда: іргелі ғылымдар бойынша білім беру және алған білімін шығармашылықпен пайдалана білуге дайындау тереңдетілуде.
ХБК-да ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту процесі әрқашан біртұтас байланыста жүргізіліп келеді. Ғылыми жұмыс болашақ мамандар мен оқытушылардың шығармашылық күш-қуатының қайнар көзі. Академияда көкейкесті ғылыми проблемалармен, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, оқу құралдарын дайындаумен жемісті түрде айналысатын ғылыми күш шоғырланған.
Еліміздің экономикасын дамытуда құрылыс кешендерінің салынуы басты назарға алынып отырған мезетте Халықаралық білім беру корпорациясы көздеген миссиясын ілгерілете береді. Алдағы уақыттар жоспарланған жұмыстарды орындауға жалғасса дейміз.