Орал қаласы,
№35 Шұғыла бөбекжайының тәрбиешісі
Шайдуллиева Назгүл Гизатуллиевна
Тобы: «Еркемай» кіші тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сенсорика
Тақырыбы: Тәтті тоқаш
Мақсаты: Нанның дастарқанға қалай келетіні туралы түсінік алады. Балалар ұн тағамдары туралы білімдерін толықтыра алады. Нанды қастерлеп ұстау керектігін ұғынады. Қолдың ұсақ маторикасы дамиды.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік әдістері.
Көрнекілік: Интерактивтік тақта, тоқаш жасауға қажетті заттар, суреттер.
Белингвалды компонент: тоқаш- булочка,нан-хлеб, бауырсақ-бауырсак
Ұйымдастырушылық кезеңі:
Педагог жетекшілігімен:
4К моделі: сыни ойлау,коммуникативтілік креативтілік) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз!
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз!
Ашық-жабық сұрақтар
Ой қозғау:
-Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күзде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
-Күн суытады, жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
-Балалар сендер күз мезгілі жайында жақсы біледі екенсіңдер.
Енді бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбын білу үшін суреттерге назар аударайық.
Нанның суретін көрсету.
Нан өнімдерін таныстыру: ұн, нан,тоқаш, бөлке,бауырсақ т.б
Белингвалды компонент: тоқаш- булочка, бауырсақ-бауырсак, нан-хлеб
-Балалар сендер нан туралы тақпақ білесіңдер ме?
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.(Айша)
Нан болса ойнап күлеміз
Нан барда еркін жүреміз. (Гаухар)
Ғажайып сәт:
Есік қағылып, аспазшы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен аспазшымын. Мен сендерден көмек сұрай келдім. Менімен бірге тәтті тоқаш жасағыларың келе ме? Ендеше менімен бірге асханаға жүріңдер.
- Балалар үстел үстінде тәтті бауырсақ, нан, печенье, тұр екен.
Осының барлығы қамырдан жасалады.
- Қазір бәріміз алдымызда тұрған қамырдан тәтті тоқаштар жасаймыз.
- Ол үшін мен сендерге , жұмыс барысын түсіндіріп көрсетемін.
- Жарайсыңдар, балалар! Енді бұл тоқаштарды қазір сендерге пешке пісіріп алып келемін.
Сергіту сәті. (музыка)
- Аспазшы келіп, балалар міне сендердің тәтті тоқаштарын дайын болды. Апайларыңа тастап кетейін суығасын жейсіңдер.
- Ендеше сау болыңдар!
Қорытындылау.
4К моделі: сыни ойлау,коммуникативтілік креативтілік)
Кері байланыс:
Аспазшы тәтті тоқаштарын береді.
Ашық-жабық сұрақтар
-Бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Біздер бүгін не жасадық?