Хуантхан Цвета
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті
«Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы
тірек мектебі» (РО) КММ жанындағы
«Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі
Қазіргі заман талабына байланысты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту – балаларды мектепке сапалы даярлауға бағдарланған әдістер мен технологияларды енгізу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын индикаторлар жүйесін енгізді. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан балабақша жасындағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады. Ойын әдістері балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
Өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды үйретуді де назарда ұстаймын. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Балабақшадағы тәжірибе кезеңіндегі 3,4-шы апталарында жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлері өткізілді. Олар: құрылымдалған, еркін және тәрбиешнің жетекшілігімен өткізілген ойындар. Өз тобымда балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындарды іріктеу, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсуін, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектестім. Ұйымдастырылған оқу қызметінде мысалы, 4-ші аптада балаларға «Жемістер мен көкөністерді санайық» ойыны өткізілді. Ойын ұзақтығы 20-25 минутты құрады. Қолданылған әдіс-тәсілдер: саралау, бақылау, бағалау, «Ыстық алақан», диалогтік оқыту, сұрақ қою техникасы. Ұйымдастырлған оқу қызметін бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында (қызығушылық дайындық) «Ыстық алақан» атты шаттық шеңбері ұйымдастырылды. «Мозайка» әдісі арқылы шаттық шеңберінде тұрған балаларға жемістер мен көкөністердің қиындылары таратылып, балалар екі топқа бөлінді. Сонымен қатар, балаларға ойынның мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы жайлы түсіндірілді. Ойынның мазмұны мен барысы бойынша әр топтағы балалар ағаш жапырақтары мен жеміс-көкөністері суреттелген қағаз қиындыларын себеттерге салу арқылы оларды тура және кері санау болатын. Аталған ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылды. Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар (сандар, жемістер мен көкөністер, ағаш жапырақтарының қиындылары және себет). Ойынның тиімділігі, оның тапсырмалары әртүрлі және қарапайым математикалық ұғымдарды (сандарды қайталауға) бекітуге байланысты болды.
Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі ойын барысында сәтті шыққан жақтарын аңғардым. Балалардың психологиялық жағдайлары жақсарды: көшбасшылығы, байқағыштығы және ойынға деген қызығушылықтары басым болды. Ойынның басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру негізінде (қызығушылық дайындық) «Ыстық алақан» шаттық шеңбері жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Балалар өзара көңіл-күйлерімен бөлісті, пікірлесті, бір-біріне жағымды сөздер, жақсы тілектер айтты. Балалар топқа бөлінген кезде де жылдам қозғалып, уақыт үнемделді.
Ойынның басында балалардың қызығушылықтарын ояту мақсатында қойылған ашық сұрақтардың жауаптары (екпінді балалардың) дұрыс, нақты болды. Яғни, ойынның мазмұнына қатысты сұрақ-жауаптардың қортындысында тәрбиеші мен баланың арасындағы диалогтік іс-әрекеті жүзеге асты. Ойында қолданылған барлық ойын элементтері көрініс тапты, яғни көрнекіліктердің барлығы балаларға қолжетімді болды. Балалар көрнекілік суреттерді талдау кезінде жылдам, тез орындап шықты. Жалпы топтың барлық балалары тапсырманы жақсы деңгейде орындап, үлкен жауапкершілік, қызығушылықтарын таныта білді. Балалардың жылдамдық, қарқын деңгейлерін аңғару кезінде әр топтың көшбасшылары — Камила, Александрдың көшбасшылық әрекеттері ұнады. Оқытудың жаңаша түрлері мен әдіс-тәсілдерін қолдана отырып оқу іс-әрекет барысында, сондай-ақ 4К моделін енгізілді, креативтілігі, сыни ойлау дамытуға, коммуникативтілік пен командада жұмыс істеуге басымдық берілді. Білім беру барысында баланы сырттай бақылауға болады, баланың дербестігін, қызығушылықтарын, қажетілігін байқауға болады.
Тәрбиешінің міндеті, ойын барысында жоғарыда аталған кедергілерді болдырмауы үшін ҰОҚ-де енжар (қабылдауы төмен) балалардың сөздік қорларын дамытуда, сандардың таңбаларын жатқа үйретуде жаңа ресурстарды, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру. Меніңше, ҰОҚ-де қабылдауы төмен балалармен жеке, дара жұмыс жүргізіп, өзара қарым-қатынасты, қызығушылықты дамыту керек. Сонымен қатар, балаларға болашақта кедергілерді қайталамау үшін әр өткізетін ойынның басында, ойынды бастамас бұрын, ойын ережесіне басты назар аудару керектігі жайлы айту.
Қорыта айтқанда, ойын – баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынаған ойынын іске асыру өте маңызды. Жаңартылған бағдарлама негізгінде игерген теориялық білімді, іс тәжірбиені ұштастыру арқылы баланың дамуына ықпал етеді. Бұл жаңаша оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерінің маған берері мол болды