Home » Мақалалар » Мектеп жасына дейінгі балаларға арт-терапияны  қолдану ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балаларға арт-терапияны  қолдану ерекшеліктері

Хамитова Саркытжан Амантаевна
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы  Ботақара кенті
 «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы
тірек мектебі» (РО) КММ жанындағы
«Балауса» шағын орталығының әдіскері

Бүгінгі ақпараттық индустрияның қарқынды даму жағдайында маңызды әлеуеттің бірі білім ресурсының беріктігі болып табылады. Сондықтан да білім беру жүйесінің жаңа парадигмаға ауысуы заңды. Себебі, мемлекетіміздің әлем қауымдастығынан орын алуы, әрине білім индустриясының көрсеткіштерімен өлшенбек. Бұл мәселе еліміздің көптеген нормативті құжаттарында белгіленген.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген болатын.

Білім беру саласында болып жатқан  өзгерістер  білім беру стандарттарын, оқытудың қызметін, педагогикалық процесті ұйымдастырудың жолдарын  жаңаша құруға ықпал етті. Сондықтан да білім саласында қызмет ететін педагогтер өздерінің педагогикалық шеберханаларын үнемі жаңартып, толықтырып отырулары қажет. Тәжірибе жинақтау, әдістеме негіздерін меңгеру, технологияны жетілдіру маңызды мәселелердің біріне айналды.

Сондықтан адам капиталына инвестиция салу – балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, оларды өз-өздерін табысты жүзеге асыруға тарту және тиімді технологияны пайдалану мектепке дейінгі білім беру ұйымдары стратегиясының негізгі элементі болып табылады. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  үздіксіз білім беру аясында айтқан: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылықпен айналысулары қажет.  Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек» — деген болатын. Президенттің бұл сөзі ойымызды тереңдете түседі. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру балабақшадан бастау алуы кездейсоқ емес.

Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді. Осы орайда балабақшада заманауи технологияларды қолданудың маңызы ерекше.

Қазақстанда жаңа технологияларды мазмұны мен сипатына қарай жіктеген бірнеше ғалымдар бар. Оқушылардың шығармашылық дағдысын қалыптастырудағы технологиялардың мүмкіндіктері (Ж.А.Қараев, Б.А.Тұрғынбаева, Ә.Жүнісбек), педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен қолдану аспектісі (Қ.Қ.Қабдықайыров, Қ.М.Нағымжанова, М.М.Жанпейісова және т.б.).

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру ұйымында арт-терапияны қолданудың маңызы зор. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға  мүмкіндік береді.  Арт-терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану  арқылы ұйымдастырылады.

Арт-терапия әдісін  британ дәрігері Анриан Хилл өзінің тәжірибесінде қолданған. Бұл әдіс Еуропа елдерінде медицина саласында жиі пайдаланылған. Баланың шығармашылық дағдысын дамыту барысында қолданылады. Арт-терапия – бұл өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапиялық және психологиялық түзету түрі. Өнермен емдеу деген мағынаны береді.

Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымында арт-терапияны қолданудың маңызы зор. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға  мүмкіндік береді.  Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану  арқылы ұйымдастырылады

Арт-терапия баланың бойында төмендегі құзыреттіліктерді қалыптастырады:

  1. Шығармашылық
  2. Танымдық
  3. Интеллектуалдық
  4. Коммуникативтілік

Арт-терапияның көптеген түрлері қолданылады. Атап айтсақ, музыка терапиясы, құм терапиясы т.б. Бұл технологиялар баланың релаксациялық қасиеттерін дамытады. Мысалы, құм терапиясы арқылы бала өзінің қиялын, қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық технологияларының бірі болып табылады. Құмды алақанымен  ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді. Р.В. Паранюшкиннің айтуы бойынша, құм адам бойындағы жағымсыз энергияны тазартады, адамға позитивті психологиялық ахуал сыйлайды. Креативті ойлау дағдысы арқылы баланың өзіне деген сенімі артады. Сурет салу бала қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Музыка терапиясы баланың зейінін бір нысанаға шоғырландыру үшін қолданылады. Музыка тыңдаған баланың әсемдікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі оянады. Ырғақпен айтылған музыка әуені баланың ми қатпарларының дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Баланың көңіл күйін көтереді, мотивациясын оятады. Бейнелеу өнері немесе сурет терапиясы. Баланың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы бейнелеу өнері арқылы жүзеге асады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде  сурет салу терапиясын қарастырып көрейік.  Суреттердің  тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызыққан суреттерді салады. Қоршаған ортаны, жекелеген заттарды, әдеби кейіпкерлерді және т.б.

Педагогикалық процесте балаларды сурет салуға үйретудің әртүрлі әдістері қалыптасқан. Олар былай топтастырылады: Құммен сурет салу, бастарма, бір бастырма, нүкте арқылы сурет салу, әртүрлі заттарды пайдалану арқылы далаппен сурет салу, сия тамшысымен сурет салу, жіппен  сурет салу т.б.  Мысалы:  сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды қолданып сурет салуды үйренеді. Бұл арт-терапияны жан-жақты қолданудың ерекшелігі болып табылады.

Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар және баланың тұлғалық құзыреттілігін дамыту мәселесі негізге алынады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында арт-терапияның мүмкіндіктері жүзеге асады. Шығармашылық дағдысын қалыптастыру барысында сурет салу терапиясы, құм терапиясы, музыка терапиясы қоданылады.

Осындай арт-терапияның заманауи түрлері баланың ойлауына, шығармашылық дамуына,  қабілетін жетілдіруге көмектеседі.

Сонымен қатар арт-терапия топта эмоционалды көңіл-күй қалыптастырады. Балалар бұл технологияны қолдану шеберлігін дамытады. Бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Арт-терапия әдістері арқылы бала табиғаттың түрлі құбылыстары туралы білімдерін жетілдіреді, оның сырын ұғынуға тырысады. Эмоциясы мен сезім моторикасын психологиялық тұрғыда басқаруға үйренеді.  Арт-терапия өз ойын еркін білдіру және өзін-өзі тану құралы болып табылады. Яғни адам өзінің ішкі жан дүниесіне көңіл аударады және жоғары төзімділікті қажет ететін сенімді тудырады. Сонымен қатар балабақшада жиі қолданылатын арт-терапияның түрі ертегі терапиясы. Ертегі әлеміне саяхат жасау арқылы кейіпкерлердің образдарын мүсіндеу. Ертегі кейіпкерлерін сипаттай отырып, балалар адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді салыстыруға үйренеді. Ертегі бала қиялын дамытады.

Арт-терапия арқылы баланың шығармашылығы шыңдадалады. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арт-терапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.

Монтессори әдістемесі балабақшаның педагогикалық процесінің маңызды бөлігіне айналды.

Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны аясында  белсенді әдістерді, дидактикалық принциптерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану педагог жұмысының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. Копытин А. И. Основы арттерапии. СПб., 1999. 4. Психотерапия / Под ред. Б. Д. Карвасарского. СПб., 2000
  2. Сидоренко М.Н. Возможности арт-терапии в развитии и коррекции эмоционально-поведенческой сферы детей дошкольного возраста // Интернет ресурс: http://sibac.info/index.php.
  3. Мардер Л.Д. Цветной мир. Групповая арт-терапевтическая работа с детьми дошкольного и младшего школьного возраста. – М.: Генезис, 2007. – 143 с.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.