Бекмуратова Лаура Мырзагельдиевна
Түркістан облысы
Шардара қаласы
«Балауса» бөбекжай-балабақшасының
тәрбиешісі
Бүгінгі ақпараттық индустрияның қарқынды даму жағдайында маңызды әлеуеттің бірі білім ресурсының беріктігі болып табылады. Сондықтан да білім беру жүйесінің жаңа парадигмаға ауысуы заңды. Мемлекетіміздің әлем қауымдастығынан орын алуы, экономика және әлеуметтік әлеуетінің жоғарылауы, халықаралық деңгейдегі интеграциялық байланыстың дамуы, білім саласының модернизациялануы осы көрсеткіштердің дәлелі болып табылады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру ұйымдары заманауи өзгеруді қажет етеді.
Сонымен қатар жаңа реформа білім беру жүйесінің мазмұнын өзгертуді, оны жаңаша құруды ұсынады. Оны мектепке дейінгі білім беру жүйесінен бастау маңызды. Себебі, мектепке дейінгі білім беру баланың жан-жақты дамуына, өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Осы жастан басап баланың тұлғалық қасиеті қалыптасады.
Мектепке дейінгі білім беру – бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.
Мектепке дейінгі білім берудің мақсаты – баланың іс-әрекеті үшін кеңістік құру және оның жеке дамуын, қолайлы әлеуметтенуін қамтамасыз ету. Балабақша – балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі бүгінгі күні қоғам мен отбасының қажеттіліктеріне бағдарланған және баланың жас және жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметтерінің әртүрлі спектрін көрсететін, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көпфункционалды вариативтік желісі болып табылады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында белсенді инновациялық әдістерді қолдану маңызды.
Белсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: бірлескен жұмыстар, рөлдік ойындар, шығармашылық жұмыстар т.б. Белсенді әдістердің бірі арт-терапия. Арт-терапия мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жиі қолданылады. Баланың шығармашылық әрекетін дамытуда арт-терапияның мүмкіндігі зор.
Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымында арт-терапияны қолданудың маңызы зор. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Арт-терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады
Арт-терапияның көптеген түрлері қолданылады. Атап айтсақ, музыка терапиясы, құм терапиясы, сурет терапиясы, қуыршақ терапиясы, ойын терапиясы т.б. Бұл әдістер баланың релаксациялық қасиеттерін дамытады. Мысалы, құм терапиясы арқылы бала өзінің қиялын, қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық әдістерінің бірі болып табылады. Құмды алақанымен ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді. Р.В. Паранюшкиннің айтуы бойынша, құм адам бойындағы жағымсыз энергияны тазартады, адамға позитивті психологиялық ахуал сыйлайды. Креативті ойлау дағдысы арқылы баланың өзіне деген сенімі артады. Сурет салу бала қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Сурет салу арқылы баланың шығармашылық мүмкіндігі дамиды.
Музыка терапиясы баланың зейінін бір нысанаға шоғырландыру үшін қолданылады. Музыка тыңдаған баланың әсемдікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі оянады. Ырғақпен айтылған музыка әуені баланың ми қатпарларының дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Баланың көңіл күйін көтереді, мотивациясын оятады. Бейнелеу өнері немесе сурет терапиясы. Баланың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында әртүрлі инновациялық әдістер қолданылады. Педагогтер өздерінің шығармашылық әрекеттерінде баланың дағдысын жан-жақты дамыту үшін заманауи технологиялар мен әдістерді қолданады. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында осы әдістер жиі пайдаланылады. Заманауи технологиялар мен әдістерді пайдалану балалардың қызығушылығын оятады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында белсенді әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, миға шaбуыл, диaлoг, тoптық шығармашылық жұмыс, пaзл, cинквeйн т.б. Сонымен қатар Монтессори әдістемесі балалардың еркін ойлауына мүмкіндік береді. Монтессори әдістемесі балалардың ерекін ойлауына, креативті шешімдер қабылдауына негіз болады. «Өзіңді тануға көмектес» — Монтессори әдістемесінің негізгі қағидасы болып табылады. Монтессори әдістемесінің тағы бір бағыты сенсорлық моториканы дамыту. Сенсорлық моториканың дамуы баланы сезуге, тануға, қабылдауға, түйсінуге, ұғынуға үйретеді.
Оқытудың белсенді әдістері баланың бойында төмендегі құзыреттіліктерін қалыптастырады. Атап айтқанда:
- Балаға гуманистік тұрғыда қарау;
- Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
- Баланың танымдық әрекетін қалыптастыру;
- Баланың эмоционалды көңіл-күйін дамыту
Баланың табиғат туралы түсінігін қалыптастыруда саяхат сабағының маңызы зор. Табиғат құбылысындағы өзгерістерді бақылау, шағын эксперимент жасау, тірі және өлі организмнің ерекшеліктерін айқындау, табиғат пен адам арасындағы байланысты ұғыну, табиғаттан алатын қоректердің маңызын түсіну т.б. іс-әрекеттер баланың зерттеушілік дағдысын қалыптастырады. Табиғатта болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары (көктем, жаз, күз және қысқы мезгілдердегі маусымдық өзгерістер, туған жердің табиғаты, табиғатты қорғау т.б.) мәселелерді зерттеу баланың қызығушылықтарын дамытады.
Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық үрдісінде жиі қолданылатын әдістердің бірі -ойын.
Ойын – мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі.
Тілді дамыту отбасында, балабақшада және мектепте әртүрлі пәндердің интерграциялық байланысы негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен белсенді түрде сөздік қатынас жасайды.
Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді. Әртүрлі ойын түрлері қолданылады. Атап айтсақ, рөлдік ойындар, драмалық ойындар, дидактикалық ойындар, ұлттық ойындар.
Ойын барысында педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімді әдістері қолданылады. Сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы баланың креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға болады. Мысалы:
- Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)
- Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)
- Төлдер қалай ойнайды. (секіреді, жүгіреді.)
Сонымен қатар тәрбиеші ата-аналармен әртүрлі әдістерді қолданып спорттық және интеллектуалды сайыстар өткізеді. Бұл отбасы мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайтады.
Тағы бір әдістердің бірі – Вальдорф әдістемесі. Оның негізгі идеясы еркін тұлғаны тәрбиелеу. Табиғат пен адам аоасындағы гормониялық байланысты жетекші орынға қою. Бұл әдіс баланың табиғи мүмкіндіктерін негізге алуға көмектеседі. Баланың бойындағы табиғи қабілеттерді ашу.
Сонымен қатар балабақшада ТРИЗ әдісі жиі қолданылады. ТРИЗ әдісін өткен ғасырдың 70 жылдары Г. С. Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ әдісі баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді. Тәй-тәй әдісінің оқу процесінде маңызы зор. Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту барысында тәй-тәй әдісін тәрбиеші жиі қолданады. ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған технологиялардың бірі болып табылады. Басты мақсаты мектеп жасындағы балалардың шығармашылық ойлау әрекетін және сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Триз технологиясын пайдалану барысында балалардың тілді меңгеру дағдысы дамиды. Атап айтқанда, сөйлеу процесі арқылы сөздік құру; сөз бен сөзді байланыстыру; қарым-қатынасты жандандыру, диалогтік сөйлеуді дамыту; сұрақтар қою білігін арттыру; сөзжұмбақ шешу; жылдам оқуға машықтану. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегі оқу арқылы олардың сөйлеу дағдысы мен есте сақтау қабілетін қалыптастыруға болады.
Балалар көп талқылайды, жаңа идеяларды ортаға салады, талқыланатын тақырыптың өрісі кеңейеді, өздеріне сенімді болады. Балалар өз көзқарасын сақтап қалу үшін қиын жағдаяттан түпкі шешімін дербес тауып шығуға үйренеді.
Сабақ барысында тиімді әдістерді қолдану арқылы балалардың сөйлеу, қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасады. Әдіс ұғымы бірнеше ғалымдардың зерттеу нысанына айналған.
Қорытындылай келе, қазіргі заман жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Белсенді әдістерді сабақта тиімді қолдану, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Бала өз ой-пікірін еркін, ашық айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, ұжымда ынтымақтастық атмосфера қалыптасады.
Пайдаланған әдебиеттер
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту http://bilimdiler.kz/balabaksha/11275-mektepke-deyingi-zhastagy-balalardyn-tilin-damytu.html
- Тунгатарова Н.А. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешінің сөйлеу мәдениетінің мәні //Молодой ученый. -2015. №6, С. 56-59
- Садина С. Д «Технология интегрированных занятий» Алматы: Эверо, 2011ж.