Жайлыбаева Сандуғаш Сериковна
Қарағанды облысы
Ұлытау ауданы
«Оқушылар үйі» мемлекеттік қазыналық
кәсіпорны филиалының меңгерушісі
Әлемдік-тарихи даму контекстегі интеграциялық үдерістер, заманауи тенденциялар, халықаралық байланыстар, жаһандық өзгерістер, модернизациялық зерттеулер білім беру үрдісінің осы жағдайларға бейімделуін талап етеді. Бұл процестің ерекшелігі өркениетті елдердің инновациясын игеру, тәжірибені тарату, жаңа білімді іздестірумен тығыз байланысты.
Заманауи білім кеңістігіне ену арқылы, жаңартылған білім беру жүйесінде білім мен ғылымды интеграциялау, соның негізінде оқыту мен тәрбие мазмұнын жаңаша бағыттау білім индустриясын жетілдіруді қажет етеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» — деген болатын.
Мемлекеттің білім саласындағы стратегиялық мақсаты — білім беру ұйымдарында оқушылармен жұмыс жасау әдістемесін түбегейлі өзгерту және оның жаңа парадигмасын құру. Бұл үрдіс педагогикалық процесте жүзеге асады. Осы орайда Ұлытау ауданы, Жезді кентінде бір жыл жұмыс жасап жатқан «Оқушылар үйінің» тәжірибесі мен инновациясын қарастыру бүгінгі заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады.
Оқушылар үйінің басты стратегиялық ұстанымы – білім индустриясының мүмкіндіктері мен талаптарына бейімделген жеке тұлғаны оқыту және тәрбиелеу. Шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Оқушылар үйіндегі педагогикалық процесс оқушылардың түрлі бағыттағы креативті ойлауын дамытуға бағытталған үйірмелер арқылы жүзеге асады. Оқушылар осы үйірме жұмыстары арқылы өзін-өзі дамытуға, мотивациялық мүмкіндіктерін ашуға, белсенді әрекет жасауға дағдыланады. Оқушылардың коммуникациялық мүмкіндіктері ашылады.
Үйірме жұмысы әр бағытта жүргізіледі, атап айтсақ, құммен сурет салу, сәндік өнер, ұлттық қолөнер, работотехника, тоғызқұмалақ, кескіндеме дойбы т.б.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үздіксіз білім беру аясында айтқан: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылық және қолөнер негіздерін түсіне алатын «Балалар үйірмелерінің» қызметін қайта бастау қажет. Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек» — деген болатын. Президенттің бұл сөзі ойымызды тереңдете түседі. Шынымен де осындай жаңа бағыттағы инновациялар шығармашылық мүмкіндіктерді жаңғыртуға көмектеседі.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Қазақстандағы Оқушылар үйі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады. Білім беру жүйесінде интеграциялық байланыстан және әлем қажеттілігінен туындаған тенденция.
Оқушылар үйінде педагогтер өздерінің тәжірибелерін сабақ беру процесінде жалғастырады. Шахматты үйрету арқылы оқушылардың танымдық ойлау дағдысын қалыптастырады. Шахматты оқушылар белсенділікпен меңгереді. Оны тәжірибелі мамандар үйретеді. Сонымен қатар үйірмеде тек білім дағдысын ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар тігу шеберлігін де дамытады. Бұл оқушылардың еңбекке деген қатынасын қалыптастырады.
Сурет салу терапиясы оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. Сурет салу барысында оқушылар техникалық құралдарды дұрыс қолдануға үйренеді. Түстерді таңдау арқылы ішкі эмоционалды күйлерін бейнелейді. Сыртқы ортамен ішкі гармония сабақтастықта үйлеседі. Адам бойындағы табиғи үйлесімділік концпциясы оқушылардың шығармашылағында байланысады.
Педагогтер үйірме жұмысында оқушылардың релаксациялық мүмкіндіктерін қасиеттерін дамыту мақсатында арт терапия, музыка терапиясы, құм терапиясын қолданады т.б. Мысалы, құммен сурет салу арқылы бала өзінің қиялын, қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық технологияларының бірі болып табылады. Құмды алақанымен ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді.
Сонымен қатар үйірме жұмысында работотехника жиі қолданылады. Техникалық қабілеттерін дамыту барысында оқушылар әртүрлі құралдар жасайды. Оқушылардың ойлау дағдысы қалыптасады. Ой-өрісі негізінде оқушылар заманауи инженерлік кәсіпке үйренеді. Бұл тәжірибе педагогтардың шеберлігінің нәтижесінде көрініс тапқан. Педагогтер работотехникаға үйретудің заманауи әдістерін ұсынады.
Үйірмеде оқушылардың төмендегі қабілеттері қалыптасады. Атап айтсақ:
- коммуникациялық қабілеттерін дамыту;
- ақпарат көздерімен жұмыс жасау;
- шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқу үдерісіне белсене қатысу;
- оқу мотивациясын арттыру;
- ақпараттық қоғам жетістіктеріне жақындау.
Работехника сабағында оқушылар құрастырмалармен жұмыс жасайды. Бала еркін сезіне отырып, құрастырмаларын жалғыз немесе топпен де, жұппен де ойнай алады. Конструкторлар баланың үйлесімді және жан-жақты дамуына көмектеседі. Конструктілеу мен робототехника жаңа заманауи бағыт.
Бұл әрекеттің түрі баланың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Конструктордың көмегімен балалар кез келген қиялдарды іске асыра алады, өзінің қайталанбас әлемін құрады, күрделі физикалық және геометриялық заңдарды меңгереді, моториканы, қимылдарды үйлестіруді, көз өлшегіштерді дамыта алады. Осындай заманауи тәжірибе мен инновация Оқушылар үйінің кез-келген педагог іс-әрекетінен көруге болады. Сонымен қатар ұлттық өнер бағытында ұлттық тәрбиенің үйлесімділігі мен сабақтастығын дәріптеу, болашақ ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру мәселесі негізге алынады. Осындай тенденция білім беру парадигмасының ұлттық сипатқа ие болуының бірден-бір кепілі болмақ. Ұлттық өнер арқылы дала өркениетінің керемет бейнелері жасалады. Бұл оқушылардың ұлттық тәрбиесін дамытуға септігін тигізеді. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері төмендегі суреттерде көрінеді.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны аясында белсенді әдістерді, дидактикалық принциптерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану мұғалім жұмысының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Бұл инновациялар үйірме ұжымының жұмыстарында көрінеді. Бір жылдың ішінде үйірменің педагогтері қаншама баланың жүрегінен орын алды. Бүгінгі күнде үйірмеге 80 оқушы қатысады. Оқушылар үйірмесінің әр саласы баланың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытады. Қолөнермен айналысу арқылы баланың эстетикалық талғамы қалыптасады. Қолөнер бұйымдарын жасау негізінде оқушының ұлттық санасы қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды бағалау маңызды фактор болып табылады. Үйірме бағыты оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер.
- Абилова Л.К.Оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы білім мазмұнын жетілдіру //www.zkoipk.kz/kz/2016smart5/2445-conf.html
- Глушков В.М. Компьютеризация в сфере образования: проблемы и перспективы. – М.,1987.
- Нургалиева Г.К. Ценностное ориентирование личности в условиях информатизации образования. – Алматы, 2004.