Абдрахманова Назира Мамаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 51 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.
Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
1-жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» демекші, армысыздар ағайын!
2-жүргізуші: Қадірменді көпшілік. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп.
Садақбай Айбар: Оқушылар асыл сөздерге қандай сөздерді жатқызар едіңдер?
Оқушылар жауабы: (мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, бабалар өсиеті).
2-жүргізуші: Ендеше, күнделікті өмірде ата-әжелеріміздің, ата-ана-ларымыздың айтып отыратын, «Аталар сөзі – ақылдың көзі» сөзіне кезек берейік.
Нұртілеу: Жігіт: Ата! Қол бастау қиын ба,
Жол бастау қиын ба,
Сөз бастау қиын ба?
Адихан:
Қарт: Е, балам!
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса,
Жол бастау қиын емес,
Соныңнан ерген елің болса,
Бәрінен де сөз бастау қиын.
Тауып айтсаң, мереке қылады.
Таппай айтсаң, келеке қылады.
Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.
Қарт: Е,балам!
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Қарт: Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң, бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас – тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Күллі алаңға күлкі етер.
Қарт:Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы — ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
2-жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл-сәл кем бұра
Қазақ нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ домбыра – деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай домбырасыз кештің сәні кірмейді. Ендеше, кезекті күйге берейік.
Күйді орындайтындар: Жариков Төремұрат.
1-жүргізуші: Көрініс: «Ердің атын ел шығарар» дегендей Батырдың Абылайға келіп сәлемдесуі.
Абылай хан: Ассалаумағалейкум, батыр. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген. «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
Батыр: Амансызба Абылай! «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық».
Абылай хан: «Сыйға-сый, сыраға бал» демекші, өткенде өздеріңе риза болып қайттық.
«Азда бітер, көп те бітер татулыққа не жетер, демекші татулық пен ауыз біршілікке не жетсін»
Батыр: «Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар» деген татулықпен ауызбірлікке не жетсін!»
Абылай хан: «Бірлік түбі-тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
Биік төбеге шықса көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады, дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
Батыр: «Әңгіме – әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» — демекші қой мен қайтайын, мал келетін уақыт болды.
Абылай хан: «Тау – тауға қосылмас, адам адамға қосылар» дегендей әлі де кездесерміз сау бол.
Батыр: Сау, аман есен болыңыз.
2 жүргізуші: «Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысын сылдыр қағып жүре ақырын.
Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» — деп Абай атамыз жырлағандай ортаға 3 «ғ» сыныбы қыздарының орындауында қазақ биі «Келіншек».
1-жүргізуші: Әй, тәкаппар, дүние!
Маған да бір қарашы!
Танимысың сен мені,
Мен қазақтың баласы.
2-жүргізуші: Ізетіңді ине етіп
Иманыңды түйме етіп
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам жамандықты күйретіп, — дегендей біз, яғни еліміздің ертеңі, бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
1-жүргізуші: Көрініс «Ата өсиеті»
Бақыт:
Жігіт: Ассалаумағалеукум, ата!
Аслан:
Қарт: Аманбысың, балам!
Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?
Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй мазар деген халқым.
Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Жігіт: Ата, үйдегі алтын қазық бала.
Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейрімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады балам.
Қарт: Ой, қандай керемет сөздер!
Балам, достықты нығайтатын не?
Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, теңдік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытады. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айтыңыз», «Рұқсат па» — деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен.
Сәлемдесуді білген кешіре де біледі. Жөн сөз – көңілді өсіреді, жөнсіз сөз – үмітіңді өшіреді.
Жігіт: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!
— Иә барлығымыз сақтаймыз.
2-жүргізуші: Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Сол тыйым сөздердің бірі:
Тыйымдар: Өзенді былғама, өмірге зиян.
Біреуге қиянат жасама, қиямет көресің.
Біреудің сыртынан ғибат сөз айтпа.
Ата-анаңа қарсы келме.
Үлкен кісінің жолын кеспе.
1-жүргізуші: Келесі кезекте» «Асылдың сөзі ақылдың кені» яғни, бабалар өсиетіне тоқталсақ.
Абыз ата өсиеті
1-оқушы:
Ұрпаққа жеткізетін
Әсет би өзің болсаң,
Мен айтайын, сен тыңда,
Ата-анаңның қадірін
Балалаы болғандабілерсің,
Ағайынның қадірін,
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты,
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін,
Жабылғанда білерсің
Қалтаңдағы ақшаңды,
Қағылғанда білерсің.
1-жүргізуші: Салт-дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт-дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік бермекшіміз.
Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.
2-жүргізуші: Бата – халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Қарт: Сапарбек Сәкен
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!
1-жүргізуші:
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
2-жүргізуші:
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
2-жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін.
Ән «Жаса Қазақстан» орындайтын 3 «ғ» сынып оқушылары.