Дуйсенова Перизат Кенесбековна
Қызылорда қаласы
№3 «Қарлығаш» санаториялық
балабақшасының тәрбиешісі
«Өтірік айтпасқа амалым қалмады…» деген сөзді саналы жасыңызда тым құрығанда бір рет айтқан шығарсыз. Айтпадым дегенге ешкім сене қоймас.
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі-өтірік айту. Бұл айту -кейбіреудің бойында сирек кездесетін құбылыс болса, екінші біреудің дағдысына айналады. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, орта есеппен адам күніне 2 рет үтірік айтады екен. Шыншыл адамдардың өзі де жалған ақпарат беруі мүмкін. Көптеген жағдайларға байланыты өтірік айтуға тура келеді. Кішкентай сәбидің жылауды, сөйлеуді, жүруді үйренгені секілді, бізде өтірік айтуды осылай үйренеді екенбіз. Бала кезде өтірікті әдетте ата-анамыздың жазалауынан қорыққанымыздан айтады екенбіз де, есейе келе жеке басымызыдың пайдасы үшін пайдаланамыз.
Бір жағынан «өтірік» аса дамыған санасының жемісі сияұты.Біздің миымыздың мол мүмкіндігінің арқасында бірлен өтірік айтып, сан алуан проблемалық немес даулы жағдайдан құтылып кететін жағдайда кездеседі. Жаман болса да бұл қасиет кез-келген адамның бойында бар нәрсе. Дегенмен, қазіргі таңда үлкен ксілер емес жас жеткіншектерде өтірікті судай ағызатын болған.оларға тек жақсы қылықтарды көрсете білу ата-ананың басты парызы. «Ел болам десең , бесігіңді түзе» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан баланы бесіктен өтірік айтпауға тәрбиелеген дұрыс. Жасыратыны жлқ, күнделікті күйбең тірліктің қамымен жүріп, бала тәрбиесіне атүсті қарайтын ата-аналар бар. Таңның атысы мен күннің батысына дейін жұмыс жасайтындар сәбилерінің бір ауық көңілін аулап, жағдайын бәлуге де уақыт таба алмай жатады. Осыдан жас жеткіншек әркімге еләктеп, терәс тәрбие алуы мүмкін. Кейде кейбір ата-аналар балаларының «қайда бодың?» «қайда барасың?» деген сауалдарға орынсыз жауаптар қатып, оны алдай салады. Мәселен, «алысқа бара жатырмын» , «саған көп ақша әкеліп беремін» деген жалған жауаптар сәбидің санасына сіңіп қалады. Соның әсерінен, яғни, балаған берген уәделерді орындамаудың кесірінен оларда өтірік айтуға, алдауға бейім болып өседі. Психологиялық тұрғыда ата-ананың өздері бала санасының өтірік айтуға құмар болуына әсерін тигізеді екен. «Жатста берген тәрбие жас қайыңды игендей»деген. Баланың санасы өте таза болады.
Педагог-психологтардың пайымдауынша, кішкентайлар өздерін алдағанды тез ұғады. Сондыұтанда ат-анада өздерәнің күнделікті өмірде көп өтірік айтатынын, соның бәрі балаға әсер ететінін ұққаны дұрыс. Ұрпағының өтірікке құмар ,сылтауға бейім болып келе жатқанын байқаған сәттен оның алдын алған жөн. Яғни, оның неден өтірік айтатынын жете байқап,аныұтаған жөн. Мүмкін, абала өзін жақсы жағынан көрсету үшін ,өзіне деген ортаның мол сенімн иелену үшін осы әрекетке баратын шығар.
-Белгілі бала психологиясын зерттеуші ғалым Пол Коулмен үлкендер аптасына 30 рет өтірік айтатынын және сол адамның баласы да өтірікке ұмтылып отыратынын тұжырымдаған. Баланың өтірік айтып, дағдылануына жазадан қорқу , сол арқылы өзіне қажетті нәрсені алуда қалыптасады. Жалған сөйлеу негізінде ортаның назарын аудару, керексіз жағдайлардан өзін аулақ ұстау, өмірін қорғау, дұрыс айтқанын дәлелдеу және өзәнәі белсендәләгән , өзгелерден үстем етіп көрсету жағдайлары себеп болады. Көрсетілген факторлар сайып келгенде бала психологиясында жиі көрінетін мінез-құлықтармен біте қайнасып жатады қайнасып жатады. Сондықтан отбасында алдап-арбау, берген уәденә уақытылы орындамау сынды әдеттерден аулақ болған дұрыс. Үй ішінде жалған сөйлемеуді қалыптастырған жөн. Егер бала ата-анасына өзінің құпияларын сеніммен айта алатынын білсе, онда өтірік айтудың себебі болмауы мүмкін. Сол үшін жас жеткіншектің санасына үлгі тұтар адалдық туралы көп айта жүріңіз. Оның өтірік айтқанын қаламасаңыз, өзіңізде шыншыл болыңыз.
Иә, ертеңгі ел болашаңы балаға ер болуды, отанды сүюді, батырлықты, адалдықты үйреткендік артықтық етпейді.