Home » Мақалалар » МОНТЕССОРИ-БІЛІМ БЕРУДЕ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ

МОНТЕССОРИ-БІЛІМ БЕРУДЕ  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУ

Сопбекова Магира Байузаковна,

«БАҰО «Өрлеу» АҚ педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Жамбыл облысы бойынша филиалының әдіснама және педагогикалық инновация  кафедрасының аға оқытушысы, Тараз қаласы

Өмір үшін білім беру — балаларды тәрбиелеуді ұйымдастыруда М.Монтессори өз идеяларын осылай сипаттады. Шынында да, балалар Монтессори білім беру жүйесінің әрбір кезеңінде не игерсе де, мұнда баланың функционалдық тәуелсіздігін кеңейтетін тәжірибелік мағына бар.

Балалар осы үшін жазуға және оқуға үйренбейді. Ешкім бұл дағдыларды өзімен-өзі бағаламайды, алайда балаларда хабарлама қалдыру немесе оны оқу үшін жазуды пайдалану мүмкіндіктері көп.

Ең кіші жастағы балалардың қаржылық сауаттылығының маңызды негізі баланың белгілі бір жеке қасиеттерін қалыптастыруы болып табылады. Топта қабылданған тәртіп ережелері әр баланың кеңістігіне және таңдаған сабақтарына құрметпен қарауға бағытталған. Өзгенің қолындағы материал сөрелерден гөрі қызықтырақ, алдымен балалар бір-бірінен ойыншықтарды алып қоюға тырысады. Бірақ бірте-бірте олар ереже екі жаққа да жұмыс істейтінін түсінеді: «Басқа балалардың жұмысына рұқсатсыз араласпауым,  мен өзім үшін маңызды нәрсемен әуестенгенде өзім бірге ойнағым келмесе, мені ешкім мазаламайды дегенді білдіреді».

Ата-аналар осыны қолдаса жақсы. Баланың қандай-да бір заттарды бөліскісі келетін-келмейтінін шешуге өзінің мүмкіндігі болғанда, егер балада басқаның заттары болса, оны басқа біреудің заттарын рұқсатсыз алуға болмайтынына көндірген оңай, тек оның сүйікті ойыншығын ешкім ала алмайтынына сенімді бола отырып, бала оны басқа балаға ойнауға беруге батылдықты өзіне алады және одан қорқыныш емес, ол бірлескен ойынның қуанышы мен шаттығын сезінеді.

Нәтижесінде бала заттардың құндылығы мен иесі бар екенін түсінгеннен де әлдеқайда көп түсінік алады.  Бірақ қаржылық сауаттылық контекстінде, бұл, сөзсіз, еңбек бөлінісі мен тауар-ақша айналысы бар ол қоғамда өмір сүретін заманауи адамда болуы тиіс негізгі түсінік. Бала жалпылама түрде бұл идеяны бір жарым-екі жасқа қарай түсіне алады және егер өмірлік тәжірибесі бар болса, айналадағы осындай құрылымға оң қарайды.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар санау және арифметика дағдыларына дайындайтын және дамытатын Монтессори тобында көптеген материалдармен жұмыстанады. Олардың кейбіреулері қызғылт мұнараның текшелері немесе қоңыр баспалдақтың параллелепипедтері сияқты дерексіз, және ондық есептеу жүйесінің, сызықтық өлшемдердің және көлемнің арақатынасын, салмақтың мәнін және т.б. түсінуге көмектеседі. Басқалар балаларды нақты өмірде сандармен таныстыра алады: балалар өз бойын, заттардың көлемін өлшейді, сандарға байланысты ерекше фактілерді біледі және елдің ақша бірліктерінің номиналдарымен танысады.

Алтын материалмен жұмыс жасау саусақтардың ұшымен бірліктердің ондықтарға, ондықтардың жүздіктерге, жүздіктердің мыңдықтарды құрайтынын сезінуге мүмкіндік береді. Алтын материалдың көмегімен балалар он мың көлемінде қосып, алады. Ол үшін олар үнемі ірі бірліктерді ұсақ және керісінше түрлендіреді, бұл олар үшін қосу және азайту ғана емес, сондай-ақ біз күнделікті өмірде сатып алу кезінде ақшаны ұсақтаған кезде тап осы операциялардың бастан өткіземіз.

Жасына және арифметиканы меңгеру дәрежесіне байланысты, сіз баланың алдына үлкен күрделі міндетер қоясыз. Алдымен оған, мысалы, ол рұқсат етілген тәттілердің бірін таңдай алатынын түсіндіресіз, себебі жоспарланған ақша мөлшерін жұмсау керек. Кейінірек кейбір сомаға бірдеңе сатып алуды ұсынамыз-осылайша зерігіп қыңқылдаған беймаза баланың орнына есептеуден қолы босамайтын  өз бюджет шеңберінде қанша зефирді сатып ала алады және одан да алмаға тоқталған дұрысырақ па екенін ойластырған көмекші пайда болады. Туған күніне немесе басқа мерекеге сыйланған шағын соманы өз қалауы бойынша басқару мүмкіндігі балаларды шабыттандырады.

Бастапқыда ол сіздің  көзқарасыңыз бойынша, бейберекет немесе жөнсіз жұмсалғандай болуы мүмкін. Адамға өз тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беріңіз. Егер оған өз ақшасын қалай жұмсағаны ұнамаса-солай-ақ болсын. Мүмкін, бұл сіз үшін өміріңізде осы үшін бір тиын да жұмсауды ойламаған құнсыз, ал ол күтпеген жерден осы затты сатып алғанда өзін бақытты сезінетін зат болуы да мүмкін. Қалай болғанда да, бұл жұмсалған ақшаны толық өтейтін баға жетпес өзіндік тәжірибе болады.

Балада үнемі өз бетінше сатып алу жасай алатын жағдай әзірше болмаған кезде,  яғни ұсақ шығындарға,  мұндай тұрақты берілетін ақша шығындарының қажеті жоқ. Мысалы, негізгі және қосымша сабақтар арасында буфетте жүрек жалғап алудың қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Тіпті егер сіз жетелеп алып жүрсеңіз де, ол өзінің бесін асын сатып ала алса немесе тіпті екеуіңізді де тамақтандыра алса,  тамаша болады.

Балалар ақпаратқа деген сұранысты тұжырымдап, оны алу үшін тиісті әдісті таңдап, және ойластырылғанында өмірде қол жеткізудің жолын да үйренеді. Егер қажет болса, олар бір жерге қалай жетуге болатынын, ол үшін не қажет екенін, жол жүру мен билетке қанша ақша қажет екенін, басқа шығындар қандай болатынын біледі. Бұл жерде олардың қаржылық сауаттылығы күрделі өмірлік міндеттерді шешу контексінде дамиды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.