Home » Мақалалар » «МАГИСТР САҒАТЫ» ЖОБАСЫ

«МАГИСТР САҒАТЫ» ЖОБАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
«№42 орта мектеп» КММ
директордың ғылыми-әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
филология ғылымдарының МАГИСТРІ
Турсынбекова Ляйла Раушанбековна

          ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Білім беруді технологиялық жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы оқушының шеберлігін шыңдауға, өз білімін көтеруге жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ғаламдану заманында ұстаздың кəсіби шеберлігі, оның идеялық нанымы, пəнді жетік білуі, оқушылар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, сонымен бірге оқыту мен тəрбиелеудің əдіс-тəсілдерін міндетті түрде меңгерту – мұғалім  алдында тұрған басты мақсат.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ негізінде мемлекеттік орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке негізгі жұмыс орны бойынша ғылыми-педагогикалық бағыт магистр дәрежесі үшін 10 пайыздық айлық есептік көрсеткіш қосымша ақы төленсін деген болатын. 2020-2021 оқу жылы наурыз айында жоспарланған жұмыстар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «Білім беруді жаңғырту орталығының» ұйымдастыруымен, қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдіскері Жанар Сейтахметқызының жетекшілік етуімен «МАГИСТР САҒАТЫ» жаңа жобасы енгізілді. «МАГИСТР САҒАТЫ» жаңа жобасының мақсаты: астаналық мектептердің білім сапасын көтеру, қашықтан оқу кезінде кеткен олқылықтарды орнына келтіру, оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру. Жоба аясында қала мектептерінің магистр академиялық дәрежесі бар мұғалімдері 6-сынып оқушыларына қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, география, математика пәндерінен аптаның әр жұма күні онлайн режимде сабақ өткізді.

Ғылым  мен  білім  дамыған,  бәсекеге  қабілетті  заманда  жаңа  технологияларды  пайдаланып, қашықтан оқытуда еліміздің  болашағы – шәкірттерімізді  білім  нәрімен  сусындатуда қазақ әдебиеті пәнінен ZOOM платформасымен сабақ өткіздім. Әрине, мұндай жаңа бастамада жаңашылдықпен сабақ өту мен үшін жоғары жетістік. Сабақ барысында оқушылардың тапсырманы орындауы, айтқан пікірі мен кері байланысы мен үшін құнды. Себебі, әр апта сабағын асыға күтетін оқушылардың ынтасы артқанын, қызығушылық танытқанын байқадым. Еліміздің келешегі, бүгіні мен ертеңі алдымызда тәрбиелеп отырған жас ұрпақ екені сөзсіз. Өзге елдермен тереземізді теңестіріп, өркениетті елдер қатарына ілестіруде біз, ұстаздар, жас шәкірттерімізге сапалы білім беру керекпіз.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі, ұстаздық шеберлігі инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Осы орайда «МАГИСТР САҒАТЫ» жаңа жобасын іске асыруда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту» орталығына және кәсіби құзырлы маман иесі, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген әдіскер Жанар Сейтахметқызыныа айтар алғысым шексіз. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз  өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімді, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеуде бірлесе жасаған еңбегіміз жемісті болып, шәкірттеріміз биік шыңдардан көріне берсін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.