Home » Мақалалар » МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

МЕНШIККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Нұргүл Нұрбайқызы,
Байқоңыр қалалық сотының жетекші маманы

Мешікке қарсы қылмыстар Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде кең таралған қылмыстар болып табылады. Әсіресе, ақпарат, технология және адамның ой-санасы дамыған кезінде қылмыстардың тәсілдерінің көптеген түрлері пайда бола бастады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтық принципiнiң бiрi жауаптылықтан құтылмайтын принцип. Бұл бойынша әрбiр кез келген адам лауазымдық түрде жауапты болады. Оның жүзеге асырылуы құқық қорғау және құқық қолдану органдарына мiндет жүктейдi.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншікте ұстай алады делінген.

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Қоғам өмірін гуманизациялау және демократизациялауға, жынысына қарай, ұлтына, қоғамдағы мүліктік жағдайына, әлеуметтік жағдайына, беделіне қарай төмендетудің кез-келген нысанын жоюға бағытталған жаңа құқықтық жүйе құру қажет болды.

Мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік  құқығы  заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Ешкімді де өз мүлкінен сот шешімімен болмаса, айыруға болмайды. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады.

Меншікке қарсы қылмыстар Қазақстан Республикасында тіркелетін қылмыстардың басым көпшілігін құрайды. Пайдакүнемдік қылмыстылық көбейген қазіргі жағдайда меншіктің құқықтың қорғалуы ерекше мағынаға ие болып отыр. Меншікке қарсы шағын қылмыстар да көп таралған, олар жиі жасалады және көптеген тұлғалардың мүдделеріне шек қояды. Сонымен қатар, сирек жасалғанымен де, адамдардың жеке басына ғана емес, сондай-ақ денсаулығына, дербес құқықтылығына, қоғамдық қауіпсіздікке қастандық келтіретін ең қауіпті қылмыстар қоғамға ең көп зиян келтіреді. Меншiкке қарсы құқық бұзушылықтардың түрлері мен  тағайындалатын жаза мөлшері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көрсетілген.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.