Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
Республикада алғаш болып Жамбыл облысы «Жомарт түлек-2021» жобасын қолға алды.
Жоба аясында 25 ақпан күні Тараз қаласында Жамбыл облысынан шыққан елімізге танымал, табысты түлектер кездесуі өтеді.
Мақсат – туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау.
Кездесуде сан салада ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген танымал түлектер жас буынмен жүздесіп, өз кәсіптерінің қыр-сырымен, жетістікке жету жолымен бөліседі.
Дәстүрлі және онлайн режимде өтетін жиынның негізгі өзегі өңіріміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін кеңінен паш ету, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу.