Жуманбаева Меруерт Калиоллаевна
Павлодар қаласы
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы
орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалім
«Ұстаз болу – жүректің батылдығы» — демекші, менің ұстаз болуым сонау балалық шақ арманым десе де болады. Ес білгелі өзімнен кіші бауырларымды алдыма оқушы қылып отырғызып «Мұғалім» ойынын ойнайтынбыз. Ойыннан бастау алған арманым мені ұстаздық мамандыққа алып келді.
Мен, Жуманбаева Меруерт Калиоллаевна – бастауыш сынып мұғалімімін. Мен бұл ең әдемі, бірақ ең қиын мамандық екенін түсінемін. Шынында да, кез келген кәсіпте адамның жеке басы, оның мінезі, сенімдері, адамгершілік дамуы, адамдарға деген көзқарасы мұғалім мамандығындағыдай шешуші мәнге ие емес. Мұғалім болу үшін, тек мұғалім дипломының болуы жеткіліксіз. Мамандығымның ең негізі – балаларды жақсы көру, түсіну, үлкен жүрек жылуы болу керек.
Мен үшін оқушыларымның сабақтан белгілі бір білім алып қана қоймай, кем дегенде сәл мейірімді, әділ болуы өте маңызды.
Мектеп – бұл мәңгілік жастық, үнемі алға жылжу. Мұғалім мамандығына қызғанышпен қарауға болады. Бұл шығармашылық және рухани дамуға мүмкіндік береді. Табандылық, мақсаттылық, өзін-өзі жетілдіру қабілеті – мұғалімнің ұмтылуы керек міндетті қасиеттері. Мұғалім мамандығы әрқашан алда болуға, күн сайын өзінің білімін жетілдіруді қажет ететін мамандық. Педагог ретінде мен үнемі кәсіби ізденіс үстінде жүремін.
Желілік педагогикалық қоғамдастықтарда боламын, өз тәжірибеммен бөлісемін және «шығармашылық мұғалімдер желісі» арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесін қолданамын.
Педагогикалық тәжірибені бөлісуге бағытталған тәлімгерлік жас педагогты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда тәлімгерлік ең мұқият назар аударуға лайық, жас маманның жұмыс орнында практикалық және теориялық көмек көрсете алатын тәжірибелі маманның қолдауына ие болу қажеттілігін көрсетеді. Бастауыш сынып жас ұстаздарына өз тәжірибеммен бөлісіп, білім беру үрдісінде инновациялық технологиялармен жұмыс істеуге үйретуден жалыққан емеспін.
Заманауи ұстаз болу қиын, бірақ мүмкіндігі мол мамандық. Заманауи ұстаз қызықты тұлға, оқушыларды түсінетін және адал бағалайтын, сонымен қатар шынайы, сезімтал және ең бастысы бақытты болуы керек. Өйткені, тек бақытты ұстаздың бақытты оқушылары болады.
Мен бүгін мақтанышпен айта аламын: «Мен ұстазбын!»
Ұстаз болып жұмыс істеу – менің жолым екеніне сенімдімін.
Әр ұстаз үшін ұстаздық жолы әртүрлі. Мен үшін бұл – абырой, шынайылық, мейірімділік, әділдік, кәсіпқойлық.
Мен бақыттымын, өйткені Мен өз жұмысымды жақсы көремін.