Home » Мақалалар » МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨТЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ӨТЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ ІС

Қаңтар Толқын,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің
арнайы пән оқытушысы, ауылшаруашылығының магистрі,
Тараз қаласы

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12%- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан — жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау – жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез — келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін — өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.

Мамандық таңдау — өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы — адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Мен, өзім «Жер саласы» мамандығын таңдап және осы салада жұмыс  істегеніме мақтанамын. Себебі бұл мамандық бұрында да, бүгін де, болашақта да сұранысы өте жоғары мамандақтардың бірі болатынына сенімдімін. Қазақ елінде ата-бабамыздан бері санамызда жер мәселесі алдыңғы қатарда болған, қазіргі кезде де Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кең байтақ жеріміздің үлкен ресурстарын дұрыс және болашағымыз үшін тиімді пайдалануға үлкен көңіл бөлуде.

Еліміздің болашағы өскелен ұрпақтарымыздың қолында. Яғни қазіргі оқу орнына түскен және түсуші білімгерлер, қазіргі заман талабына сай сапалы білімді, біліктілігі жоғарғы мамандарды талап етуде. «100 нақты қадам» жолдауының 77-ші қадамында  Экономиканың алты негізгі саласы үшін 10 алдынғы қатарлы колледж бен 10 жоғарғы оқу орындарына білікті кадрларды әзірлеу керек деп айтылған және осы талаптарды орындау, стандарттарға сай болу үшін, білімгерлерге сапалы заманауи білім алуға Мемлекет тарапынан толық мумкіншіліктер жасалып жатыр. Болашақ студенттер бұрында осындай мүмкіншіліктер болмаған, осы қазіргі мумкіндіктерді жіберіп алмаңдар

Болашақ студенттер сіздер қазір өмірлерініздің жауапты сәттерінің бірінде, таңдау үстінде тұрсыздар. Осы таңдауларыңнан қателеспеу үшін сіздерге мұғалім реттінде айтарым, болашақ мамандықтарыңды таңдаған кезде  сіздер өздеріңізді болашақта армандаған белгілі бір маманның жай ғана маманы емес үздік маманы бола аламын және үлкен жетістіктерге жете алатындарына ішкі жан дүниелерімен сенімді болсандар, сонда сендер тандауларыннан қателеспейсіндер деп есептеймін. Армандарға қол жеткізу бірінші жасаған қадамнан басталады сол бірінші қадамдарың, таңдауларың  сәтті болуына тілектеспін. Менің мамандығым яғни Жер саласы мамандығы қазіргі таңда өте үлкен сұраныста. Жер саласы мамандары барлық әлемнің дамушы елдерінде үлкен сұраныста. Біздің еліміз улкен, ауқымды әлемді таң қаларлықтай, тамсандыратын жобаларды іске қосуда, осы даму барысы әліде кем дегенде 60-70 жыл даму барысын бастан кешеді. Егерде сіздер осы Жер саласы мамандығын таңдасаңыздар болашақта үлкен сұраныска ие болатындарыңызға және оқуды жақсы, ойдағыдай аяқтаған соң жұмыс орнына орналасу сіздерге оңай және тез болатынына сенімдімін. Осы тұста біздің Жамбыл политехникалық колледжі еңселі де беделді оқу орындарының бірі.

Тарихы 1954 жылдан басталатын Жамбыл политехникалық колледжінде 60 жылдан астам уақыт ішінде өндірістік кәсіпорындарға қажетті техникалық мамандықтар бойынша 20 мыңдай кадрлар даярланды. Жалпы колледжде білімгерлер 21-мамандық бойынша білім алуда.

Осы жылдар ішінде мыңдаған бәсекеге қабілетті мамандарды даярлап, білім беру саласында орасан зор тәжірибе жинақтады. Іргелі де танымал колледж ретінде қалыптасу жолында күрделі және үлкен белестерден өтті. Техникалық және кәсіптік білім беру ісінде дуальдік оқыту жүйесін енгізіп, еңбек нарығында сұранысқа ие болатын елімізге бәсекеге қабілетті мамандар даярлап келеді. Оқытушылар Германияда, Түркияда, Францияда, Беларуссияда тағылымдамадан өтті. Колледж 2015 жылы «Кәсіпкер» Холдингінің 10 серіктес колледждер желісіне енді. Германия жобасы бойынша электромеханиктерді дайындау басталды.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей білімді де тәрбиелі ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін, біз ұстаздар қауымы, жалықпай, ізденіспен еңбек етуіміз керек. Күш жігерімізді білімді, білікті, бәсекелістікке қабілетті, мәңгілік ел байрағын көтеретін алғыр жастарды, ел болашағына қызмет жасайтын маман иелерін дайындауға жұмсаймыз. Мен үшін Жамбыл политехникалық колледжінде қызмет ету – құрмет, білім алу – абырой. Ылайым солай болғай! Мен білімді болашағымызға сенемін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.