2021 жылғы 20 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы «Әдістемелік десант» жобасы аясында №96 «Аяла» балабақшасының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-практикум ұйымдастырды. Орта және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Есематова балабақша ұжымына аталған іс-шараның мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.
Семинарда мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне қатысты өзекті әдістемелік мәселелер қарастырылды. Білім беруді жаңғырту орталығы басшысының орынбасары Д. Байтасов «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілетін жобалар топтамасы», әдіскерлер «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс қызметін реттейтін құжаттар», «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің негізігі тәсілдері», «Орта білім берудегі инклюзивті орта» «Педагогтерді аттестаттау, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)» тақырыбында сөз сөйледі, сондай-ақ «OYNA Балалық шақ институты» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы А. Тайбасарова «Бақылау және оқыту тарихы» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
Жаңа коррекциялық балабақшада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді, сондықтан Орталық әдіскерлері осындай тәрбиеленушілермен жұмыс барысында педагогтерге өзекті болып табылатын нормативтік құжаттар, әдіс-тәсілдер, стратегияларды таныстырды.
Семинар-практикум соңында рефлексия жүргізілді, педагогтер кері байланыс беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.