Home » Мақалалар » Бастауыш сынып оқушыларын  кітапқұмарлыққа үйрету  тәсілдері

Бастауыш сынып оқушыларын  кітапқұмарлыққа үйрету  тәсілдері

Бекмуханова Ляйля Амантаевна
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
«Қаражар ауылының
жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі.

Баланың кітап оқуына құштарлығын арттыру мәселесі қазіргі күнде өте өзекті болып тұрғаны белгілі. Кеңестік кезеңде, тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі алғашқы жылдарда кітапханаға жаңа кітап әкелсе, бірден сөреге қойылар қойылмастан, жас оқырмандарымыз қолдан қолға түсірмей, таласып оқығаны белгілі. Қазірде,  ғаламтор дамыған заманда , өскелең ұрпақтың кітапқа дегенқызығушылығын  тудыру мүмкін бе?  Әрине, мүмкін. Оған мысал, өзім ұстаз болып жұмыс жасайтын, елорда түбінде орналасқан, Целинорад ауданына қарасты, Қаражар ауылының мектебіндегі балаларымыздың сауаттылығын арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын кеңейту , дүниетанымын арттыру мақсатында кітапқұмарлыққа баулу ісі бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы айтсақ та жеткілікті.

Өткен оқу жылында мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  жоспар жасалып, «Кітап» атты қасиетті әлемге оқушыларды қызықтыру  жұмыстары  басталды. Қашықтықтан бастауыш сыныптар арасында «Менің сүйікті шығармам» атты челлендж ұйымдастырылып, аталмыш шарада оқуышылар бейнеролик арқылы өздерінің оқыған шығармалары жайлы айтып, көрермен бағасын алып жатты.Биылғы жаңа оқу жылында мектебімізде арнайы «Оқуға құштар мектеп» оқырман бұрышы ашылып, нәтижесінде, үзіліс кезінде орта және жоғарғы оқушыларынан бөлек, бастауыш сыныптар оқушылары арасында минутқа кітап оқу  және әдеби кітаптарды жас оқырман алдында мазмұндап беру шаралары ұйымдастырылуда. Уақыт көрсеткендей, бұл шара қойған мақсатта алғашқы алғашқы жемісін бере бастаған сияқты.

        Сондай-ақ, мектебімізде ұйымдастырылған әдеби шығармаларды оқу, ертегі –жырларды оқу сайыстарында менің оқушылармның сайыстарға қызығушылығы арта түскенін байқалды. Сабақтан тыс уақытта  шәкірттеріме түрлі ертегілерді оқып келуге тапсырма беремін.Тиісінше, сабақта, сынып сағаттарында  мазмұндап береді, өз түйгенін айтады.Тиісінше, кітапқа деген қызығушылығы артып келе жатқан жас кітапқұмар шәкірттерімді  мен қашанда қолдап, мадақтап отырамын. Соның нәтижесінде, оқушылар арасында кітап оқудан өзара бәсеке пайда болғанын байқадым.

Менің,  26 жыл педагогикалық тәжірибесі бар ұстаз ретінде жас мұғалімдерге берер кеңесім, кітапқұмарлыққа баулу жұмысын ешбір мұғалім жалғыз өзі алып кете алмайды. Бұл істе әң әуелі мектеп  ктіапханашысымен қоян-қолтық жұмыс жасалу керек. Оқушыңыз қандай кітап алып оқып жүр? Қандай кітаптар көбірек қызықтырады? Оқушы өзін қызықтырған кітапты кітапханадан тауып жүр ме? Әлде мүлдем кітапқа қызықпай ма? Қызықпаса, себебі неде? Міне,осы сұрақтар төңірегінде  кітапханашымен бірлесе  жұмыс жасар болсаңыз, кітапқа оқушы қызығушылығы арта түсеріне бек сенімдімін.            Сондай-ақ, бұл жерде міндетті   түрде ескерер жайт, ата-анамен бірлесе жұмыс жасаудың да маңызы өте зор . Өйткені, сабақтан тыс кезде, ата-ана баласының кітап оқуын, оның ішінде қандай тақырыпта әдеби шығарма оқуын қадағалауы тиіс.Сондай –ақ, ата-әжесі немесе ата-ана, туғандарымен бірлесе бір әңгімені оқып, сол кітап немесе шығарма жайлы талқылар болса, баланың кітапқа қызығушылығы тіптен арта түсері хақ. Оған мысал ретінде айтар болсам, мектебімізде «Отбасымен бірге кітап оқимыз» атты шара ұйымдастырылды. Осы кездерде оқушыларым ата-әжесімен немесе ата-анасымен бірлесе кітап оқып отырғаны жайлы бейнероликтер түсіріп  әлеуметтік желі арқылы көрерменге ұсынып жатты. Оқушыларым сабақ үстінде өзінің әжесі немесе анасымен бірлесе қандай да бір кітапты  оқығаны жайлы айтып, шығармадан алған әсерімен бөлісіп жатты. Бұл жерде бала психологиясына зор мән берілу керек. Қазіргі таңдағыдай, отбасы мүшелерінің  телефонды қызықтап отыра бермей, керісінше, бала үшін өзіне жақын адамдарының қандай кітап оқығанына мән бергені, оның әңгімелеп айтып бергені, оны туғандарының зор ықласпен тыңдағаны өте маңызды.

Сонымен қатар, қазіргі таңдағы, үйінде сабақ қарап аяқтаған  бала бос уақытын немен өткізеді? Әрине ғаламторда.Телефонға үңіліп, небір қажетсіз ақпараттар тереді. Ал бұл зиянды нәрсеге жұмсаған бос уақытты қолына кітап алып, білімін, сөздік қорын кеңейтіп  бір шығарма оқыса қандай тамаша! Адамгершілікке баулы, тәрбие де бәрі кітапта. Бала үшін кітаптың тұлға болып қалыптасуын қаншалықты маңызы зор.Осы  мәселені балаға түсіндіріп қана қоймай, педагог ретінде ата-аналарға да түсіндіріп, жеткізу қажетпіз деген ойдамын. Және де, мектеп тарапынан бастауыш сынып оқушыларына жоғарыда атап өткендей шаралар өткізіле берсе, жас өркендеріміз кітапқа бас қойып, еңбегіміз өз жемісін береді деген ойдамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.