Home » Мақалалар » Дене шынықтыру сабағында қозғалыс ойындарын өткізудің әдістемесі

Дене шынықтыру сабағында қозғалыс ойындарын өткізудің әдістемесі

Жакибеков Медет Сапабекович
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 21 орта мектептің
дене шынықтыру мұғалімі

Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес,  ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Осы дене шынықтыру сабағында қозғалыс ойындарын қолданудың маңызы ерекше.

Ойын ұзақ уақыт бойы адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол бос уақытты дұрыс ұйымдастыруға тәрбиелейді және жеке тұлғаның қарым-қатынасын, қозғалыс белсенділігін арттыруға көмектеседі.

Оны ата-бабаларымыз жеке тұлғаның белсенді іс-әрекетін дамыту мен дене тұлғасын қалыптастыру мақсатында қолданды. Ойынның педагогикалық процестегі мәні мен мазмұны туралы көптеген ғалымдар теориялар мен тұжырымдамалар жазған. Олардың көзқарастарын әртүрлі аспектіде қарастыруға болады. Бір ғалымдар, ойын-белсенділікті дамытудың алғышарты деп қарастырса, екінші топтағы ғалымдар,  ойын жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың факторы ретінде қарастырады. Бұдан шығатын тұжырым, ойын мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушы арасындағы белсенді және саналы іс-әрекет.

Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, көптеген педагогикалық бақылаулар ойынның маңызды нәтижесі, балалардың қуанышы мен эмоционалды өсуі екенін көрсетеді.

Соның ішінде ерекше орын алатын ойынның түрі қозғалыс ойындары.  Әр түрлі бағыттағы қозғалыс ойындар моториканы жан-жақты жетілдірудің өте тиімді құралы болып табылады. Олар ептілік, жылдамдық, күш, үйлестіру және т. б. сияқты қасиеттерді жақсартуға мүмкіндік береді. Дене жаттығулары – бұл қозғалыс ойындарының негізі болып табылады.

Қимыл-қозғалыс ойындары ұлттық ойындардың негізінде пайда болып қалыптасқан. Олардың спорттық ойындар сияқты ережесі болады. Бірақ қимыл қозғалыс ойындарының ережесі спорттық ойындарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл болады. Спорт құрал-жабдықтарын көп қажет етпейді.

Қозғалыс  ойындар арасында сюжеттік (имитациялық) ойындар ерекше орын алады. Мұндай ойындар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, рөлдерді ойнауға, сюжетке байланысты образға енуге мүмкіндік береді.  Имитациялық ойындарды дене шынықтыру сабағында пайдалану, оқушының дене тәрбиесін жетілдіруге көмектеседі. Олар қоршаған ортадағы әртүрлі бейнелерді көрсетіп, ойынға имитациялық қозғалыс береді.

Ойын сюжетіне құмар оқушылар шаршауды байқамай-ақ, қызығушылықпен ойнап,  бірнеше рет түрлі қозғалыстар жасай алады. Бұл шыдамдылықты дамытуға ықпал етеді. Қозғалыс белсенділігін дамыту мақсатында қолданылатын  сюжеттік ойынның бірқатар ерекшеліктері бар. Атап айтатын болсақ, ойыншылардың еркіндігі, қимыл-қозғалыстардың жылдамдығы, ойыншылардың белсенділігі, ерік-жігерінің күштілігі т.б. Қозғалыс ойындарын қолдану барысында педагог бірқатар әдістемені қолдануы мүмкін.

Педагогикада әдістеме жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың    оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Сондықтан да қозғалыс ойындарын қолданудың өзіндік әдістемесі бар.  Қозғалыс ойындары екіге бөлінеді: жеке және ұжымдық. Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл-қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын, белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық сипатта болады.

Орта сыныпта оқитын оқушылар «Көңілді старт» жарыстарына кеңінен қатыстырылады. Онда шапшаң қозғалысты, секіру, еңбектеп астынан өту, қарғып түсу ойындары ұсынылады. Дененін мүмкіншілігі артқан сайын аз уақыт ішінде күш сынасу ойындарын өткізуге болады. Мысалы, «Жұп болып тартысу» және т.б. Бұл ойындар қысқа мерзімді уақыт аралығында өтетін болғандықтан педагогке карсыласып жатқан екі адамның ойын тәсілдерін мұқият бақылауға оңай болады. Сондықтан да қозғалыс ойындарына спорт түрлерінің элементтері де кіреді. Ойын барысында ГТО нормасындағы, лақтыру, секіру және басқа қозғалыстарды енгізу қажет.

Ойынды ұйымдастыру әртүрлі кезеңдерден тұрады. Ойын таңдау. Ойынға дайындық оны таңдаудан басталады. Ойынды таңдау міндеттермен сабақтас болуы шарт. Мысалы, егер сабақта секіру дағдысын бекіту міндеті қойылса, онда секіруге байланысты ойын таңдалады.   Ойынның мазмұны оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес құрылады. Оқушының жасы өскен сайын, ойын сюжеті де күрделенеді. Ойынды таңдау кезінде педагог оқушылардың ұйымшылдық, белсенділік сияқты қасиеттерін ескеруі қажет.

Қозғалыс ойындары барлық сабақта дерлік жүргізіледі. Ол сабақтың негізгі және соңғы бөлімдерінде өткізіледі.

Келесі кезең. Ойынға дайындық. Сабаққа дайындалу кезіңде педагог ойынды ұйымдастыру барысын ойластырады. Оқушыларды топқа бөлу, ойын шартын түсіндіру, рөлдерді іріктеу сияқты күрделі әрекеттерді орындайды.

Ойынды өткізу кезіңде педагог мына талаптарды орындауы шарт:

1.Ойын ережесі мен талаптарды түсіндіру;

2.Материалдық-техникалық жағдайлармен қамтамасыз ету;

3.Оқушылардың даму деңгейі мен жас ерекшеліктерін ескеру;

4.Оқушылардың арасында позитивті қатынас орнату;

5.Ойын түрлерін оқушының қызығушылығына сәйкес таңдау

Ойынның шартын түсіндіру қысқа және эмоционалды болуы маңызды, себебі кіші жастағы балалар монотонды түсіндіруді қабылдай алмайды. Ойынды дұрыс түсіндіру белгілі бір уақытта оның жетістігіне әсер етеді. Дене шынықтыру мұғалімі сабақ барысында балаларга гнмнастнканы, жеңіл атлетиканы үйрету кезінде олардың дұрыс қнмылына ерекше көңіл бөледі. Көп қайталанып істелетін қозғалыстар оқушылардың кабілетін дамытуға, шапшаң және орынды қолдануга үйретеді.

Тағы бір қызықты кезеңі ойынды басқару.  Бұл іс-әрекет жасаудың ең күрделі  түрі болып табылады. Педагогтың шеберлігі ойынды дұрыс бағыттауына байланысты. Ойынға басшылық жасай отырып, педагог оқушылардың белсенділігін дамытады, ойын мәселесін шешуге көмектеседі.

Ойынның аяқталуы. Қозғалыс ойындарын дұрыс ұйымдастыру оның

дұрыс өткізілуін ғана емес, сонымен бірге өз уақытында аяқталуын қарастырады. Ойынның уақытынан бұрын тоқтатылуы немесе шамадан тыс сщзылуы орынсыз. Ойын ұзақтығы оның сипатына, сабақ шарттарына және ойыншылардың құрамына тәуелді.

Ойын қорытындысын шығару оның нәтижелерін анықтаумен байланысты.  Ойынды объективті талдау ойыншыларды дұрыс өзіндік бағалауға үйретеді.

Оқушылардың қозғалыс  ойыны әрекетінде екі өте маңызды объективті факторларының арақатынасы бар: бір жағынан, балалар практикалық әрекетке араласады, денелік жағынан дамиды, дербес әрекет жасауға әдеттенеді, екінші жағынан, бұл әрекеттен моральдық және эстетикалық қанағат алады, өзін қоршаған ортаны танып — білуін тереңдетеді.

Баланың қозғалыс ойындары барысында барлық дене мүшелері қимылдап, дами түседі. Жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қозғалыс ойындары баланың жүйке қалыптасуына зор ықпал етеді. Қозғалыс ойынында ұйымдастырушы жетекші рөл атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым- қатынасын, баланың мінез- құлқын белгілейді. Қозғалыс ойындары үйдің ішінде және серуен кезінде бірнеше баламен немесе бүкіл топпен өткізіледі. Олар сондай-ақ дене шынықтыру сабақтарының құрамына енеді. Балалар ойынды игерген соң өздігінен ойнай алады.

Қозғалыс ойындары – жасөспірімдердің сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Түрлі ойындар арқылы балалардың қызығушылығы мен белсенділігі оянады.  Олардың арасында әсіресе эстафеталық ойындарға деген қызығушылық басым. Эстафета – топтық ойын. Яғни, топ құрамындағы әрбір адам түрлі кезеңдерден өтіп, келесі қатысушының алақанына қолын тигізу арқылы кезегін беріп отырады. Жеңіске мәре сызығын бірінші болып аттаған топ жетеді.

Қозғалыс ойындардың көпшілігі қатысушылардан жылдамдықты талап етеді. Бұл дыбыстық, визуалды сигналдарға жедел жауап беру қажеттілігіне негізделген ойындар, кенеттен тоқтайтын, кідіретін және қозғалыстарды қайта бастайтын ойындар, қысқа мерзімде қысқа қашықтықты еңсеру арқылы жылдам, шапшаң қозғалыс жасау. Ойын барысында балалар әлеуметтік мінез-құлық нормалары туралы түсініктерді қалыптастырады, сонымен қатар белгілі бір мәдени дағдыларды дамытады. Алайда, ойын барысында шешілетін педагогикалық тапсырмаларды мұғалім жақсы меңгерген кезде ғана пайдалы болады.

Қорыты айтқанда, қозғалыс ойынын жүргізу әдістемесін былай топтастыруға болады:

  • Ойын таңдау
  • Мазмұнды, мәтінді үйренуге дайындық,
  • атрибуттарды дайындау
  • Балаларды ойынға жинау
  • Ойынды түсіндіру (ойын ережелері)
  • Түсіндіруге қойылатын талаптар
  • Рөлдерді бөлу
  • Жүргізушіні таңдау әдістері
  • Ойын нұсқаулығы
  • Ойынның аяқталуы, қорытындылау

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Жуков М.Н. Подвижные игры. -М «Академия», -2002.
  2. Осокина Т.И., Тимофеева Е.А. Подвижные игры и физические упражнения на прогулке. -2004.
  3. Коротков И.М. Подвижные игры в занятиях спортом. – М.: ФиС, —
  4. Былеева Л.В., Коротков И.М. Подвижные игры. – М.: ФиС, —

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.