Home » Мақалалар » Инновациялық білім – Тәуелсіздіктің жетістігі

Инновациялық білім – Тәуелсіздіктің жетістігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 осы  жылы еліміз қасиетті Тәуелсіздігінің 30 жылдығына нық қадам басты. Осы уақыт ішінде қаншама білімді азаматтар өз маңдай терімен жетістіктерге жетті, ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Осы кезеңде жеткен жетістіктеріміз қандай? Бұл сұрақтарға жауап беріп, өткен жылдарға қорытынды жасап, мемлекетіміздің  бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын кезең келді деп ойлаймын.

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз»,- деп білім және ғылым министрі айтпақшы, ертеңгі еліміздің тағдыры қазіргі білімді, саналы  ұрпақтың қолында.

Қазіргі таңда талпынысы бар әр оқушының сапалы білім алуға мүмкіндігі жеткілікті. Себебі мектептер инновациялық жолмен білім алу үшін заманауи оқыту құралдарымен, қажетті кітаптармен жабдықталған.

Осы орайда, бірқатар мектеп бірнеше жобаларды іске асыруда. Соның ішінде І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы  Кембридж «SHARE» халықаралық жобасы аясында нақты жоспар құрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Осы жоба бойынша жұмыс істейтін Елорданың 5 мектебі 2019 жылдың 1 мен 9 аралығында «SHARE – іс- әрекетті зерттеу» жобасы аясында Ұлыбритания елінің ең үздік білім ордасы   Кембридж қаласының үздік мектептерінде іс-сапарда болып, тәжірибе алмасты.

«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» бірі  — «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі — «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту.  Бұл бойынша мектебімізде 7 мұғалім біліктілікті арттыру курстарын аяқтап В2 деңгейін,              2 мұғалім В1 деңгейі бойынша сертификатталған. Жоба  8-9 сыныптарда  іске асырылуда. Биология және химия пәндерінің 2 мұғалімі ағылшын тілінде магистратуралық білім алды.

Білім және ғылым  министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарының 1-4 сыныптарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатын «Футбол» сабағын  сынақтан өткізу»  бойынша екінші жыл жалғасын тауып отыр. Оқушылар қалалық сайыстарда жетістіктерге жетуде.

«Самғау»  аясында Табысты мектеп — «Эко-техникалық мектеп» жобасының миссиясы — инновацияға бейім, кәсіби білім алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

Мектепте 2017 жылдан бастап  13 инновациялық жоба жұмыс жасайды. Олар «Экологиялық», «Техникалық», «Шығармашылық» және «Зияткерлік» бағытта іске асырылуда. Білім алушылардың 30-40%-ы осы жобаларға қатысып,  әр түрлі деңгейде жетістіктерге жетуде және болашақ мамандықтарының дағдыларын қалыптастыруда.

Сондай-ақ мектебіміздің оқытушылары өздерінің жеке әдістемелік кешенін жарыққа шығарған. Солардың бірі Өнер Айжанның ТІЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ (Қазақ тілі пәнінен 2-сынып оқушыларына арналған), Б.Ж.Жумашеваның «Тіл тірегім» таңдау курсының кешенді бағдарламасы, А.А Нурекенова мен  Р.А Анапьянованың авторлық «Оқу сауаттылығы»  атты  тапсырмалар жинағын атап өтсем болады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» байланысты мектебіміздің кітапханасында дөңгелек үстелдер мен дебаттар өткізілді. «Бала және мәдениет»  тақырыбында жоғары сынып пен бастауыш сынып оқушылары арасында кездесулер мен ақыл-кеңестер айдары жүргізіліп тұрады.

Өскелең ұрпаққа ұлттық ойынды жаңғырту мақсатында «Ұлттық ойындар — асыл мұрамыз» атты спорттық жарыстар,  тәуелсіздік баға жетпес байлығымыз екендігін ұмытпау үшін «Tәуелсіздікті жырлау» өлең-жыр сайыстары өткізілуде.

Сонымен қатар қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. 12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

«Тәуелсіздікті атап өткенде тәлімдік, тәрбиелік мәні бар ақпаратты ұсынып, жұртты тартатын жаңа стильді, жаңа форматты көбірек енгізу қажет. Әр жерде өткізілген іс-шаралар туралы құрғақ есептің қажеті жоқ. Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақалалардан еш қайыр болмайды», – деп Мемлекет басшысы өз сөзінде қадап айтқанын ұмытпауымыз абзал.

 Педагогика ғылымдарының кандидаты,
І.Жансүгіров атындағы
№58 мектеп-гимназиясының  директоры
Самал Ботаханқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.