Home » Жаңалықтар » 137 балл жинаған қызылордалық түлек ұстаздық жолды таңдаған

137 балл жинаған қызылордалық түлек ұстаздық жолды таңдаған

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Қызылорда облысы түлектерінің арасында ең жоғары балл жинаған Дильназ Алматқызы ұстаздық жолды таңдап отыр. Ол Қызылорда қаласындағы Т. Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің оқушысы. Педагог болуға талпынысы ерекше түлек тестілеуге екі мәрте қатысып, алғашқысында – 134, екінші рет 137 балл еншіледі.

?»Ұстаз болуды жаныма жақын тұтамын. Білген біліміңді балаларға үйрету деген керемет қой, маңызды миссия әрі ерекше жұмыс деп ойлаймын. Болашақта физика пәнінің мұғалімі боламын. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін», – дейді Дильназ.

Дильназ биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу әр түлекке ерекше мүмкіндік сыйлап, сонымен бірге сынақ әділ әрі ерекше өтіп жатқанын ерекше атап өтті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.