Home » Мақалалар » Естен кетпес естелік…

Естен кетпес естелік…

№ 102 ЖББМ математика пәнінің мұғалімі
Нурмухаева Карашаш Айтжанқызы

… Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Жалаңаш ауылында, қарапайым шаруа отбасында өмірге келдім. Әкем ерекше сабырлы жан, анам жастайынан жетім қалып, тағдыр тауқыметін көп көрген, үй мен түздің жұмысын талғамайтын қайсар кісі. Екеуі мені және қалған жеті бауырымды жеткіземін деп аянбай еңбек етті. Бүгінде еңбектері жемісін беріп, әр баласы өз алдына отау болып отыр. Сол күндерім есіме түскенде көз алдыма суреттер тізбектеліп келе береді. Мектеп қабырғасында жүргенде жақсы оқып, әртүрлі жарыстарға қатысып, мектептің қоғамдық өміріне белсене араласатын едім. Сынып жетекшімнің тапсыруымен  «Тәуелсіздік мерекем» тәрбие сағатын өтетін болдық. Біздің сынып жетекшіміз биология пәнінен сабақ беретін. Ол кісі жан-жақты дамыған ізденімпаз тұлға еді. Қәзіргі таңда өзімде мұғаліммін, апайымның ұстаздық жолын үлгі етіп, асыл қасиеттерін бойыма сіңіріп, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, елімнің дамуына азғандай үлесімді қосып жүрмін.   Сынып жетекшімнің тапсырумен кітапханаға бардым. Әртүрлі әдеби-тарихи кітаптарды алып, керекті мәліметтерді таңдап жазып алдым. Сыныптастарыма айтатын мәтіндерін өлең –жырларын бөліп бердім. Бәріміз бірге хормен «Желтоқсан желі» әнін орындайтын болдық. Жақсы дайындық жасап, көптен күткен мереке күнімізді өткіздік. Осы мерекеге орай сынып жетекшіміз сыйлы қонақтар шақырған екен. Келген қонақтар өз естеліктерімен бөлісті. Маған әсер қалдырған, әсерлі естелік осылай басталды. Сөз кезегін алған қонағымыз Нұргул апай : «1986 жылы Мен, Алматы қаласында студент едім, 16-желтоқсан күні…»  -деп, әңгімесін жалғастыра берді. Менің тұла бойым мұздап, кішкентай жүрегім дірілдеп кетті. Көзіме жас келді. Тәуелсіздіктің қадірін оған қалай жеткенімізді айта келіп, бізге ақ батасын беріп, жүрек жарды ізгі ниетін, тілегін айтты. Сол күннен кейін менің санамда  «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы мен Тәуелсіздік мерекесі»  жатталып, жүрегімнен мәңгі орын алды. Бала күнгі тәтті армандарым мен қызықты естеліктер, бүгінгі жүрген жолымда үлен сабақ болып келеді. Сол естеліктің жаңғырығын жастарымыздың бойынан іздеймін. Бүгінгі таңдағы мақсатым, ұстаздық жолымдағы ұлы арманым « тарихын біліп, тілін, дінін, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрін   құрметтейтін, елін-жерін қастерлейтін, Отанын сүйетін» ұрпақ тәрбилеу.

Бүгінде, Егеменді елімнің мақтанышына, бақытына айналған Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Осы жылдар ішінде көп белестерді бағындырып, еліміз әлемге танылды.  Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріміз әрбір жанның, әр жүректің ән-жырына айналды.  Тәуелсіздігім мақтанышым, байлығым , бақытым мәңгі жаса!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.