Home » Мақалалар » Жолдауға  қолдау

Жолдауға  қолдау

Досжан Гүлназ
№102 ЖББМ тарих және құқық пәнінің мұғалімі

Жолдауға  қолдау

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 2021-2022 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматының ерекше назарын аударды.

Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік.
Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы.

Бүгінгі ел Президентінің жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Ел Президенті өз жолдауында, білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың жалақысын өсіру керектігін қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен айтты.

Ұстаз ретінде мұғалімдерді қолдау саясаты жаныма жақын екенін айта кету керек. Сол қолдаудың арқасында көптеген білімді жастар осы мамандыққа қызығушылықтары артуда. Ең басты көтерген мәселелердің бірі –болашағын тәуелсіз Қазақстанмен байланыстыратын азамат –қазақ тілін меңгеруге ден қою қажет,себебі  бұл отаншылдықтың белгісі.Қазақ тілі шын мәнінде ғылым мен білімнің ,мәдинет пен іс жүргізудің басты құралы.

Пандемия кезіндеде халық үшін  жасалып жатқан игі істердің бірі екпе салдыру. Әрбір адам өз денсаулығын қорғау және айналасына зияны тимес үшін екпе салдырғандары дұрыс шешім деп ойлаймын. Бірақ қоғамда оған қарсы адамдарда табылып жатыр, тек қана қарсы емес жан-жағын үгіттеп , соның кесірінен қаншама жұрт адасуда. Сондықтан, кез-келген сын-қатерге  дайые болуға тиіспіз. Тынымсыз ізденіп,ұдайы алға ұмтылуымыз қажет.

Бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік.
 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.