Жамбыл мен Кененнен басталған айтыс көшін
жамбылдық жастар жалғап келеді
Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім басқармасына қарасты «Жамбыл дарыны» орталығында «Жыр алыбы – Жамбылым» атты оқушылар айтысы өтті.
Іс-шара оффлайн өткізілгенімен, індет талаптары толығымен сақталды. Жыр додасына облыс бойынша 16 үміткердің қатысып, суырыпсалмалық өнерлерін көрсетті.
Тартысты өткен жыр додасы нәтижесінде айтыстың бас жүлдесі жуалылық Санжар Даярбекке бұйырса, таластық Айсұлу Жүнісбек жүлделі бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орындар Әлихан Башар, Наргиза Жайлыш, Алина Айдаралыға берілсе, Сәбит Ысқақов, Інжу Жаңабай, Аружан Даярбек үшінші орын алып, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Енді Санжар Даярбек пен Айсұлу Жүнісбек алдағы 25 ақпанда онлайн өтетін республикалық «Жыр алыбы – Жамбылым» айтысына қашықтықтан қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.
Жеңімпаздарды құттықтап, Санжар мен Айсұлуға сәттілік тілейміз!