Жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу – кәзіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің болашағымыз – жас ұрпақтың, адамгершілік қасиеттермен тәрбиеленуі. Қазіргі таңда тұнғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Балапан» бағдарламасы аясында балабақша тәрбие бастауы, балабақшаға көп көңіл бөліп, дамытуы айтылған. Балабақшада балаға тәрбие беретін, тәрбиеші өз мамандығын ең алдымен жақсы көруі тиіс. Ең біріншісі еібек жолында Қызылорда қаласындағы №14 «Самал» балабақшасынан бастадым. Менің бұл мамандықты таңдауым әр бір балаға ең бастысы адал тәрбие мен тұңғыш Елбасымыз айтқандай рухани жаңғыруды бойына сіңіртіп, қазақтың ұлттық дәстүрімізді, ойындарымызды бойына сіңіртіп өскен ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі таңда қаламыздағы «Бал бала Орда» балабақшасында жұмыс жасап келемін. Бақшамызда жүзге жуық бала тәрбиеленуде мұндағы мақсатым балаларды ең бастысы адамгершілікке тәрбиелеу. Әр бала заманауи білім мен ұлттық құндылықтарды жасынан бойына сіңіріп өссе, келешегі кемел болары айқын. Сондықтан ата-ана балабақша мен тығыз байланыста болуы тиіс. Білім алу балабақшадан басталады десем ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – БАЛАБАҚШАДА. Тәрбие мен білім – егіз екені барлығымызға аян. Жаңа заман баласы – ертеңгі еліміздің болашағы. Біздің балабақшамызда балаларға білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Рухани жаңғыру аясында балабақшамызда асық технологиясын қолдана білу сауаттылығы өте жоғары. Бала болашағымыз. Бала — біздің қуанышымыз. Сондықтан әрбір сәбиді біліммен дамыту өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін айта аламын. Мен өз мақсатыма үлкен үмітпен қараймын.
Дәулетбаева Шырынай Телжанқызы,
«Бал бала Орда» балабақша мекемесінің меңгерушісі
Қызылорда қаласы