Home » Мақалалар » Ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi  

Ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi  

Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ, құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль Гаага конвенциясының қатысушысы ретiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, лауазымды адамдарынан немесе нотариустарынан ғана шығатын ресми құжаттардың түпнұсқаларында қойылады. Қазақстан Республикасының аумағында түпнұсқаларға апостильдi қою үшiн өзге егемендi мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары, лауазымды адамдары немесе нотариустары берген құжаттары қабылданбайды.
Мұндай жағдайларда жүгiнген адамға уәкiлеттi мемлекеттiк органның тұрған жерi бойынша нотариаттық расталған көшiрмелерге апостильдi қою мүмкiндігi туралы түсiндірген жөн. Апостильдiң мәтiнiне өзгерiстер енгiзуге және оның мөртаңбасындағы жолдардың орналасу ретiн өзгертуге жол берiлмейдi.

Апостильдi қою ұсынылған құжатқа қол қойған адамның қолының үлгiсiн талап ету және қол қою құқығына өкiлеттiктерiн растау сондай-ақ құжат шығатын мемлекеттiк орган, лауазымды адам немесе нотариус мөрiнiң бедерiн талап ету қажеттiлiгi жағдайында кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Бас тарту сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн. Уәкiлеттi мемлекеттiк органдарда ресми құжаттардың апостильдендiруге келiп түскен немесе келiп түсуi мүмкiн өздерiнiң ведомстволық бағынысты органдардың және т.б. лауазымды адамдары қолдарының үлгiлерi болуға тиiс.

Лауазымды адамдардың қолдарының, құжат шығатын мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың елтаңбалық мөрлерi мен мөртаңбаларының үлгiлерi болмаған жағдайда, апостиль құжаттардың нотариаттық расталған көшiрмелерiнде қойылуы мүмкiн.

Нұргүл Нұрбайқызы,
Байқоңыр қалалық сотының бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.