Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
Әкімшілік органдардың шешімімен немесе әрекеттерімен, әрекетсіздігімен келіспей, жария-құқыққа қатысты дау туындаса, олар Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі негізінде жаңадан ашылған мамандандырылған әкімшілік соттарға талап қоюмен жүгіне алады.
Әкімшілік әділет ұғымын жария-құқықтық дауларды қарайтын арнайы сот ісін жүргізу түрі ретінде түсінуге болады.
Әкімшілік әділет жүйесінің басты тиімділігі әкімшілік органдар мен азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері аясында әрекет етуіне мүмкіндік беретіндігі болып табылады. Бұл өз кезегінде азаматтар мен әкімшілік органдардың арасындағы теңсіздікті болдырмайды. Заңдылық қамтамасыз етіліп, жария-құқықтық дауларды шешу тиімді түрде жүзеге асырылады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін қолданысқа енгізу – азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тетігіне айналады деген сенім мол.
Ж.Тажимбетова,
Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі