Қазақ даласында жерге, жесірге, жетімге, құнға қатысты даулар көптеп кездескен. Екі рулы ел өзара дауласып, келісімге келе алмағанда, олардың бітісер жері — билер соты болған. Əбден шиеленіскен, шешімі жоқ деген қиын даулардың өзін дана бабаларымыз тобықтай сөзбен түйіп, əділ тұжырымын айтқан. Дауларға қазылық ететін билер көпшілікке үлгілі, сөзі өтімді, сыйлы адамдар болған. Абыз ақсақалдардың жүрекке жеткізіп, тауып айтқан, сабырға шақырған дана сөздерінен соң, дауласқан тараптар өзара келісімге келіп, жанжалды бітімгершілікпен шешу үшін қол алысып, төс қағыстырған. Мұның өзі қазақ халқының дүниетанымында аталы сөзге тоқтау, үлкендерді сыйлау құндылықтарының қай кезде де биік тұрғанын көрсетеді.
Бойымызда ата-бабаларымыздың қанымен келген адамгершілік қасиетіміз жоғары тұрғандықтан да, Тəуелсіз Қазақстанның сот жүйесіне енгізілген медиация қызметі дауларды шешудің тиімді түрі ретінде қалыптасты.
Партисипативтік рəсім тараптардың адвокаттарының дауды реттеуге жəрдемдесуі жəне келіссөздер жүргізуі арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Билер кеңесі — халық арасындағы дауларды ақсақалдардың араласуымен шешу, ел ішіндегі дауласу деңгейін азайтуға ықпал ету мақсатында құрылған кеңесші орган.
Бітістіруші-судья азаматтарға дауды бітіммен аяқтаудың тиімділіктерін жан-жақты түсіндіріп, туындаған дауды татуласу келісімімен, тараптардың адвокаттары болған жағдайда, партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісіммен, кəсіби судья немесе судья-медиатордың қатысуымен медиация тəртібімен реттеу туралы келісімге келуге шақырады.
Жанар Тажимбетова,
Байқоңыр қалалық сотының кеңсе меңгерушісі