Home » Мақалалар » Онлайн сот оңтайлы жүйе

Онлайн сот оңтайлы жүйе

Карантиндік шектеулер кезеңінде сот саласы өз қызметін тоқтатпай, азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын қорғау жолында онлайн режимінде жұмысын жалғастырды. Істердің барлығы «TureConf», «WhatsApp», «Zoom» сияқты мобильді қосымшалардың көмегімен қаралды.

Талап арыздар, өтініштер мен шағымдар «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы қабылданды.  Қазіргі таңда сот кабинетін пайдалану соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтып отыр. Азамат немесе оның заңды тұлғасы өзінің уақыты мен қаражатын жұмсамай, үйінен талап арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені барлығы дайын түседі. Мұндай жаңашылдықтар қазіргі уақытта сот жүйесінің азаматтармен байланысын нығайтып, тиімділігін көрсетіп отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің сот саласында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жұмыс сапасының артуына септігін тигізді.

Электронды сот төрелігін іске асыру халықтың сотқа деген сенімін, сот төрелігіне қолжетімділігін, оның ашықтығын және жариялылығын арттыру ретінде танылады. Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауи технологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды.

А.Тыныштыкбаев,
Байқоңыр қалалық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.