Home » Мақалалар » Дүниетану сабақтарына дидактикалық материалдар жинағын пайдаланудың маңыздылығы

Дүниетану сабақтарына дидактикалық материалдар жинағын пайдаланудың маңыздылығы

Джумаева Фатима Таджибаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 65 мектеп-гимназия
бастауыш сынып мұғалімі

Білімнің кілті – бастауышта. Болашақтың ертеңі тәуелсіздігіміздің тұғыры-бүгінгі мектеп бүлдіршіндері. Дербес еліміздің тірегі-білімді ұрпақты тәрбиелеп, оқыту.  дүниетану сабақтарына дидактикалық материалдар құрастыру өте маңызды.   Дидактикалық материалдар жинағын оқыту  технологиясының ерекшелігі  білімді игерумен қатар, олардың танымдық қабілетін дамыту, шығармашылық ойлануы дамыту болып табылады. Оқушылар өздігімен, жұппен және топпен жұмыс жасауды үйренеді. Әр оқушы өзінің жұмыс нәтижесіне жауапкершілікпен қарауға дағдыланады.

Дидактикалық материалдарды сабақ барысында қолдану кезінде оқушыларға тек оқулықтан ғана емес, қосымша ресурстарды пайдалану мүмкіндігі туады. Осылай әр оқушы өздігімен ақпарат іздеп, өзі білімін дамытуға қызығушылығы оянады. Дидактикалық материалдар әр тақырыпқа бірнеше нұсқамен жасалған. Мұғалім оқушылардың оқу үлгерімі және мінез ерекшелігіне қарай таңдап ұсынады. Осы технологияны кез келген пәндерде қолдануға болады.

Берілген жинақ оқушылардың «Дүниетану» пәні бойынша білімін жетілдіру үшін ұсынылған. Бұл жинақта «Өзім туралы», «Менің отбасым және достарым», «Менің мектебім», «Менің туған өлкем», «Дені саудың – жаны сау», «Дәстүр және ауыз әдебиеті», «Қоршаған орта», «Саяхат» бөлімдері бойынша дидактикалық құралдар және тапсырмалар, көрнекіліктер, ребустар, кроссворд ұсынылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.